- Негізгі бет
- Психология
- Махаббатта өзіңді жоғалтпауға...
Махаббатта өзіңді жоғалтпауға көмектесетін тепе-теңдіктің 4 қағидасы
Мақалада келтірілген тепе-теңдіктің 4 қағидасы қарым-қатынастың толыққанды болуын сақтайды. Мұны игерген адам сезім жолында өзін жоғалтып алмайды, үлкен махаббатқа беріле тұра өзіндік менін сақтай алады. Жұбының жетегінде кетіп, тұлғалық қасиеттерінен айырылмайды. Керісінше ер де, әйел де осыны игерсе, сезімдері оларды кері тартушы емес, алға жетелеуші факторға айналады.
1. Өзіндік «Мен» сезімі
Әркім өз өмірінің құндылықтар жиынтығын анықтаған, өзін-өзі қамтамасыз ететін және біреусіз де толыққанды адам ретінде сезінуі керек. Басқалар өз пікірлерін таңып, сізге қалай өмір сүру дұрыс екенін үйретсе де, өз мүдделері мен ұстанымдарына адал қала алуы керек. Өзгенің бәріне дұрыс көрінудің немесе жағудың қажеті жоқ. Бұл қоғамға қатысты. Ал сүйгеніңіздің көзқарасын қабылдап, оны қорыта келе өзіңізге ыңғайлы шешімге келсеңіз, бұл өзгенің жетегінде қалмауға, яғни, өзіндік «меніңізді» сақтауға көмектеседі.
2. Өз эмоциясын реттеу дағдысы
Ғашықтар арасында эмоциялық паразиттер көп. Бұлай эмоциясын тежей алмай, сүйген адамының үнемі оны тыныштандырып, қасында үкілеп отқанын қалайтын, серігініне тым тәуелділерді атайды. Аталған қасиет көбіне әлі толық жетіліп, тұлға ретінде қалыптаспаған кішкентай балаларға тән.
Мұндай нәрсе сізге таңсық болмаса, өзіңізді қолға алып, тұлғалық қалыптасу жолында еңбектеніңіз. Өз болмысыңызбен жұмыс істеңіз.
3. Адекват фидбэк
Сіз өз сүйіктіңіздің сізден басқа форматта ойлай алатынын қабылдауыңыз керек. Серіктестің пікіріне немесе мінез-құлқына орынды фидбэк жасау дегеніміз оған барабар жауап ретінде сіздің де өз пікіріңізді бөлісуге дайын болуыңызды білдіреді. Үнемі екеуара толыққанды тең қатынас орнауы тиіс.
4. Шын қабылдау
Сүйгеніңді шын қабылдау – шеберлік. Қарым-қатынастың «қара белдеуі». Бұл арқылы қос ғашық жеке-жеке дамуымен қатар, сезімдерінің шыңдалуын бірге алып жүруге міндеттеледі. Тең дәрежеде. Махаббатқа шын берілмей, міндеттемесіз, түсіністіксіз және көп сынаққа шыдауға дайын болмайынша ештеңені меңгеру мүмкін емес. Ер де, әйел де өзін және сүйіктісін қорғауға, сәтсіздіктерді бірге бастан өткеруге, ұрыс пен жанжалдарды жеңуге бір-бірін бар болмысымен шын қабылдау арқылы қол жеткізеді.
Бұл жердегі міндеттеменің зорлық-зомбылықты немесе қатыгездікті қабылдауға ешқандай қатысы жоқ, бұл жеке өсу мен қарым-қатынасты дамыту жолындағы қиындықтарды шын жүректен қабылдай алу қабілеті.
А. Оралқызы