Махаббат – суреттеуге келмейтін, қолға түспейтін ұлы күш әрі құбылыс. Оның бойында қайнап жатқан сезім әрбір адамның бойындағы әлсіздігі. Махаббат – екі тағдырдың бір арнаға келіп тоғысуы. Бір бағытқа жүруі. Осынау құбылыстың өзі бірақ сан сұрақтың астында қалып жатады. Себебі біреуге ғана емес, бәріне ортақ дүние болған соң сұрақтардың туындауы заңдылық. Соның бірігейі махаббатта өлшем бар ма?!
Махаббатта өлшем бар. Себебі жүрекке қонған ұшқын мәңгі жанып тұруы үшін үлкен күш керек. Ал ол күшті ұстап тұру кез келгеннің қолынан келетін ерлік емес. Бұл бір сөзбен айтқан кезде тұрақтылық пен желіктің айырмасы.
Махаббаттың өлшемі үш жыл. Бұл бүкіл адам баласында болатын сандық көрсеткіш емес, бірақ бірегей өлшем.
Алғашқы жыл...
Ең албырт, ең керемет, ең сезімге толы жылдар. Алғашқы жылдың күзі сағынышқа, қысы жылулыққа, көктемі қайта жарған бүрдей, жазы жаңалыққа жаршы болып келеді. Екі ғашықтың тілсіз сезімдері өшпейтін, мәңгі осылай жанып тұратын оттай маздап тұрады.
Сезімнен сыйластыққа...
Алғашқы жыл сырғып өтіп, тағы бір жыл жеткен кезде қос ғашық арасында ұлы сезімнен гөрі сыйластыққа ұласу үдерісі тез жүреді. Бұл ендігі жерде бір-бірін толық танып біткен екі жастың әрі қарай қалай өмір сүру керектігін үйренулері. Сыйластық та сезім.
Сыйластықтан түсінікке...
Үш жылға аяқ басу әрі сол кезге дейін махаббатты сақтай алу ол ендігі шынай сезім. Бұл кезеңнен әрі қарай сіз сыйластықтан бұрын түсінік жасайсыз. Бәріне сабырмен, ақылмен қарайтын боласыз. Жалындап тұрған сезімнен гөрі қарапайымдылыққа бастайын жолды іздейсіз. Отбасылық өмірге қадам басасыз.
Айтылған махаббаттың өлшемі әркімде әрқалай болатынан да ескерту керек. Себебі құлай ғашық болу кей адамдарды өмірінің соңына дейін махаббатты сақтап өтуіне себепкер болады. Сондықтан бұл өлшемге де сеніп қалмаңыз.