Махаббатта жолы болмаған жас жігіт

Махаббатта жолы болмаған жас жігіт

Бір жас жігіттің махаббатта жолы болмапты. Әр жолғы қыздар өміріне, талғамына "сай" келе бермеген. Олардың бірін әдемі емес десе, ал екінші біреулерін аңқау, үшіншілерін тұйық деп санаған. Содан не керек, өмірлік жар іздеу жолында жас жігіт ақыр аяғы бір данышпан шалдың алдына барыпты.

Жас жігіттің сөздерін ұзақ тыңдап болған соң, шал былай тіл қатқан:

- Сендегі уайымның тым үлкен екенін біліп тұрмын. Ондай болса, сен өз шешеңе қалай қарайсың? 

Жас жігіт таңғалып:

- Бұл жерде шешемнің қатысы қанша? Енді, білмеймін... Ол көбіне мені тітіркендіріп жібереді: өзінің аңқау сұрақтарымен, беймаза күтімімен, арызы, өтініштерімен. Бірақ, оны жақсы көремін деп айта аламын.

Шал үнсіз қалып, басын шайқап, әңгімесін қайта жалғапты:

- Ондай болса, мен саған Махаббаттың басты құпиясын ашып берейін. Бақыт деген ұғым бар және сенің алтын жүрегіңнің түбінде бұғып жатыр. Және Махаббаттағы ырысыңның алғашқы дәнін өміріңдегі ең маңызды адам еккен. Сенің анаң. Оған қалай қарасаң, жер бетіндегі әйел баласына да солай қарайтын боласың. Өйткені, ана деген – сені қамқорлығына алған алғашқы Махаббат болып табылады. Әйел баласының алғашқы бейнесі сол болмақ. Анаңды жақсы көріп, қамқорлық көрсеткен жағдайда барлық әйел затын ардақтауды, сүюді үйренесің. Және күндердің күнінде өзің ұнатқан бір қыз сенің арман-тілегіңе аялы алақан мен жұмсақ күлкімен және кемел сөздермен жауап қайтармақ. Әйел баласы туралы теріс түсініктен арылатын боласың. Олардың Шыншыл бейнесін көресің. Біздің ұрпаққа деген деген көзқарасымыз – бар бақытымыздың өлшемі.

Жас жігіт данышпан шалға ерекше құрметпен бас иіпті. Қайтар жолға аттанып бара жатып қара шалдың соңғы сөздерін есіткен екен:

- Соңғы сөздерімді есте сақта: әкесін әрқашан құрметтеп, жақсы көріп өтетін қыз баласын ізде!


сурет:allfons.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига