- Негізгі бет
- Психология
- Махаббат туралы пікіріңіз...
Махаббат туралы пікіріңіз қандай?
Қанша адам болса, сонша пікір бар. Махаббат туралы пікірге сырттай баға беруге болмайды. Болған жағдайдың өзінде жауапкершілігі жоғары. Мына нұсқаларды оқып, өз позицияңызды таңдаңыз. Сол арқылы махаббат туралы пікіріңізді біліңіз.
Адасқан ғашықтар
Сіз ғашығыңызбен тауға бардыңыз делік. Биік құз жартастар, жыныс орман. Абайсызда бір-біріңізден адасып қалдыңыздар. Сіз оны таба алмай жүрсіз, ол да сізді іздеп жүр. Дәл осы сәтте, қандай әрекет жасар едіңіз?
1. Демалатын бір жер тауып, оның іздеп келуін күтіп отырамын.
2. Алдымда қандай кедергі болса да, ештеңеге қарамай, міндетті түрде іздеп табамын.
3. Адасып қалуымыз мүмкін емес, алаңсыз тау көрінісін тамашалап жүре тұрамын, аздан кейін ол өзі мені тауып алады.
4. Төтенше жағдай қызметіне хабарласамын. Олардың көмегінсіз ештеңе істеуге болмайды.
Осы төрт түрлі қалыптың бірін таңдаңыз да, мына жауаптарға сәйкесін оқыңыз.
1) Сізге ақылды, сіз үшін күйінетін, жаны ашитын адам керек. Екеуара жақсы қарым-қатынастың орнауына өз тарапыңыздан көмек жасағаныңыз абзал. Өйткені, өздігіңізден еш әрекет жасай алмайсыз. Егер сіз ештеңеде шаруасы жоқ, маңғаз адаммен бірге өмір сүрсеңіз, онымен ортақ тіл табысуыңыз өте қиын. Үнемі одан қашып жүресіз.
2) Махаббат тақырыбына келгенде, алған бетіңізден қайтпайды екенсіз. Өзіңіздің өмір сүретін, тек өзіңізге ғана тән тұрмыс кеңістігіңіз осыған дейін болып көрмеген. Бүкіл назарыңызды сүйген адамыңызға қарай бұрып жібергенсіз. Кей әрекеттеріңізді ол қабылдай алмауы да мүмкін, ал сіз дәл сол сәтте қорланғандай сезімде боласыз, өз-өзіңізге риза болмай, бұртиып жүресіз. Махаббат майданында өзіңізді еркін ұстаңыз, өзіңізге де кеңістік қалдырыңыз.
3) Өзіңізге өте сенімдісіз және қауіп-қатер туралы да ойламайсыз. Сүйген адамыңыздан айрылып қаламын деп те алаңдамайсыз. Оның сізге деген адалдығына күмәнданбайсыз. Махаббат сезіміңіз сәби психологиясы деңгейінде қалған, сіз қарсы жақтың сезіміне де назар аударуыңыз керек. Бұлай болмағанда, ол сіз туралы: "Екеуара махаббатқа шын пейілімен қарамайды" деген көзқараста қалып қоюы мүмкін.
4) Екі адамға ортақ сезімнен мәселе туса, сіз үшінші адамның көмегіне жүгінесіз. Өзіңіздегі кемшіліктерді жоюға күшіңіз жете бермейді. Жасаған қадамыңыз дұрыс, бірақ, сол көмекке келген үшінші адамның күш-қуаты сіздерді қайта табыстыруға жетсе, тамаша-ақ болар еді, ал жетпесе, онда бүкіл трагедияны өз қолыңызбен жасадыңыз деген сөз.
Г. Берік