- Негізгі бет
- Психология
- Махаббат – тозған...
Махаббат – тозған бұйым
Махаббат дегеніміз не?! Оған әркім әртүрлі жауап берері анық. Көптеген әйелдер қыз кезінде үнемі өмір-бақи жалғыз өтемін деп ант береді. Сөйтеді де, өз кеудесінде бірте-бірте махаббат ұялағанын мойындағысы келмейді. Адам баласының басым көпшілігі балалық шағының емес, қайта жастық шағының өтіп бара жатқанына өкінеді. Бұл махаббатқа толы жылдарын қимағандығында. Махаббат міне, осындай ғажап нәрсе.
Философтардың махаббат жөнінде пайымдауларын оқып көресің. Әйгілі адамдардың романтикаға толы әңгімелерін де естисің. Қандап ғажап махаббат, қандай ұлы сезім деп ғажаптанасың. Шын мәнінде бұл махаббатқа емес, өзгеге қызығушылықтан туындайтын баққұмарлық қана. Ал шынайы махаббат өз өміріңде де бар. Бар болғанда қандай. Махаббат философтар айтқан пайымдау да, әйгілі адамдардың өмірі де емес. Оны өзіміз секілді қарапайым адамдар өмірімен де түсіндіруге болады. Шын мәнінде ол сондай қарапайым әрі ең ұлы.
***
Махаббат – қыстың бір кешінде, нәзік тастай қолды, ып-ыстық жігіт қолының табиғи түрде ұстап тұруы, оны енді қайтып мұздамастай етіп жылтуы.
***
Махаббат – бір күні өзіңе тәуелді заттарды жинастырып жүріп, шын сүйген адамың қолданған дәптер, қалам немесе ескі сурет секілді бір затын тауып алып, оған біраз уақыт тесіле қарап отырып, сосын оны қастерлеп сақтап қою.
***
Махаббат – күйеуінің әрі кең, әрі үлкен сұрғылт көйлегін киіп алып, үй ішінде арлы-берлі жүру, немесе төсекте жатып өзі қызығатын кітапты оқып, күйеуінің үйде бар екенін де сезбей қалу. Ал күйеуі үшін оның тізесіне басын қойып қаннен-қаперсіз ұйқыға кету немесе бірге тамақтану.
***
Махаббат – үлкен бір алманы жемек болғанда, пышақ қажет етпей, өзі бір тістеп, күйеуі бір тістеп жеу. Әрі тәтті, әрі қызық сезіліп, кімнің көп жегенін сезбей қалу.
***
Махаббат – қырсығу. Тамақ жасамай қою, кір жумау, оған ләм деп ауыз ашпау. Ал жайдарлана қалғанда, бәрін ұмытып, жібектей созылып еркелеу, әкесіндей көру, баласындай аялау, аға-бауырындай күйіну.
***
Махаббат – саған жүз еркекті өз күйеуіңмен салыстырғанда ол ана жүз еркектен сезімталдығы жүз есе артық секілді болып көріну. Сол арқылы өзіңді әлемдегі ең бақытты әйел ретінде сезіну.
***
Махаббат – сенің үстіңдегі киім секілді. Ол тозған сайын қасиеті көріне бастайды. Жуыла келе, жұмсарады, киген сайын жарасымды бола түседі. Көнерген сайын табиғи қалпын сақтап қалады.
***
Махаббат – кіршіксіз мөлдір су. Ол сенің алдыңда ғана құюлы тұр, ал сен қашан да онымен шөліңді қандыратының хақ!
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com
Қ. Қауымбек