Қоғамда махаббат жайлы қалыптасқан пікірлер баршылық. Көбі бір-біріне қайшы келіп жатады. Ал махаббат дегеніміз не?
Махаббатымызды тапқанда оны жоғалтып алмауға тырысамыз. Сезім деген шыныдай нәзік дүние емес пе? Оны сақтап қалу үшін сүйіктіңді сыйлап, құрметтеу керек. Оның ары қарай дамуына тырысқанымыз жөн.
Барын салып, сезімді, қарым-қатынасты сақтап қалуға тырысатын кімдер?
Балаға жасына қарамастан бір қалыпты көзқараспен қарайтын адамдар. Яғни, 4 жастағы бала мен 20 жастағы жігітке баладай қарап, оны баптаймын деп тырысатындар. Баланың өскенін мойындағысы келмейтін ата-аналар баршылық. Дегенмен, қанша жерден баланы ұстап қалғысы келсе де, есейгенде ұлын ұяға, қызын қияға қондыруға тура келеді.
Өмірдің тосын сыйларын қабылдай алмайтын адамдар. Өмірде үнемі өзгерістер болып тұрады. Бір адамдар келіп жатса, екіншілері кетіп жатады. Әртүрлі жағдай қалыпты нәрселерді өзгертеді. Соның арасында сүйіктімізден де айырылуымыз ғажап емес. Мұнымен қатар, адам жас шағында махаббатын тауып, жаңа жауапкершіліктен шошынып тастап кетуі ықтимал. Сондықтан ата-аналарымыз бізге «махаббат – ақыл тоқтатқан кезде келгені дұрыс" деп жатады.
Өмірде кездесетін әртүрлі кедергі, қиындыққа төтеп беруге тура келеді. Ал егер соның салдарынан махаббатыңызды сақтай алмасаңыз, ештеңе етпейді. Демек, ол сіздің шын махаббатыңыз емес. Себебі, сіздікі – ешқайда кетпейді, кетсе де, қайтып келеді. Осы ұстанымға қалай қарайсыз?
Жаңа дүниелерден қорқатын адамдар. Сүйгенімен қоштасуға тура келген адамдарға жаңадан қарым-қатынасқа түсу қиынға соғады. Неліктен? Себебі, шын сезіммен сүюге тырысқан кезінде ол махаббатынан айырылды. Мұндай тәжірибенің қайталануын ешкім қаламайды. Жаңа қарым-қатынастан еш жақсылық күтпейді. Бұл адам сізге тамаша сәттер мен сезім сыйлайтын шығар?
Сезімін «сезіне» алмайтын адамдар. Біз өмір жолымызда сезімін ашық білдіре алмайтын адамдарды жиі кездестіреміз. Олар қуануын, мұңаюын көрсетуден қорқады. Неліктен? Әдетте бұл типті адамдардың мінезі қаталдау келеді. Сондай-ақ «сезімімді білдірсем, осалдығымды байқатып қоямын» деп ойлайды. Махаббатын жоғалтқанда мұңая алмайтын немесе сүйіктісімен қауышқанда қуана алмайтын адамдарды осы типке жатқызамыз. Сезінуді ұнатпайтын адамдар махаббатын сақтауға тырысады. Себебі, оны жоғалтса, «сезінуге» тура келеді...
Махаббат – сүйіктіңді босата білу. Себебі, ол ешқайда кетпейді. Ол сізді сыйлайды, сүйеді және күтеді. Махаббат – сүйіктіңді қарым-қатынасты бағалау. Себебі, махаббаттың мерзімі белгісіз.
Шынайы махаббатқа ештеңе кедергі бола алмайды. Ал егер сіз махаббатыңыздан айырылсаңыз, ойланып көріңіз, ол сезім шынайы болды ма? Жаңа адамның алдынан есікті жауып қашпаңыз. Оған мүмкіндік беру керек. Махаббатты «бейнет» көрмеңіз.
Сурет: ©Askar Bumaga
Оқи отырыңыз:
Махаббатты сақтап қалудың әдістері
Махаббатты сақтап қалудың әдістері #2
Махаббат теориясы: бір ауыз сөзсіз түсінемін өзіңді
Махаббат теориясы: бірге болайық мәңгілік
Махаббат теориясы: сен үшін жаным пида