Қоғамда махаббат жайлы қалыптасқан пікірлер баршылық. Көбі біріне-бірі қайшы келіп жатады. Махаббатты қалай түсінеміз?
Қалыптасқан «дәстүр» бойынша махаббат үшін өзін құрбан ету керек. «Жанұям үшін жаным пида» деудің нәтижесі қандай болады?
Біріншіден, сүйгенімізге өзіміздің қызығушылығымыздың жоқ екенін, сезіміміз соңғы орында екенін айтқанмен бірдей боламыз.
Екіншіден, одан да сондай жауап күтеміз. Ал ол оған дайын ба, жоқ па біз үшін маңызды емес.
Үшіншіден, бір-бірімізді сыйлап, пікірін тыңдаудың орнына, кері жүреміз.
Төртіншіден, қасірет шегіп, қайғырумен боламыз. Және бұл әрекеттің себепкері – сүйікті жарымыз. Алайда, мұндай жолды таңдаған кім еді?
Бесіншіден, жарымыз не баламыз бізге рақымды болуын күтеміз. Алайда оларға артық жүк артуымыз ыза мен ашуға алып келеді. Балаңыз бұны жеткіншек кезінде қайтарса, жарыңыз одан ерте қайтаруы мүмкін. Есіңізде болсын, «жан пиданы» талап еткен ешкім жоқ.
Алтыншыдан, әрекетіміздің астарын байқамаймыз. Құрбандықтың астарында өзіңізді ғана ойлау екенін мойындауға қорқамыз.
Махаббат «жан пидалықты» қажет етсе, ол шын махаббат емес. Жан пида шынайы сезімді жояды. Ал махаббат ол сезімді күшейтеді. Ара-жігін көре білуіңіз керек.
Таңдау өзіңізде, бақытты болыңыз!
Сурет: ©Нарбек Раис
Оқи отырыңыз:
Бақытты жұп қандай болады? #2
Бақытты жұп қандай болады?
"Қызғанса, сүйеді" деген пікір дұрыс па?
Неліктен жалғызсыз?