Қоғамда махаббат жайлы қалыптасқан пікірлер баршылық. Көбі бір-біріне қайшы келіп жатады. Ал махаббат дегеніміз не?
Көп адам махаббатты «үнемі қол ұстасып жүрумен» теңейді. Алайда, ондай жұптарды көп кездестіре бермейміз, солай емес пе?
Бір сәтте біз оңаша қалғымыз келетінін түсінеміз. Өзгелер мұны басқаша қабылдауы мүмкін. Жұбымыздан ажырап, кішігірім уақытқа шалғай кетіп, өз ісімізбен оңаша қалғымыз келгенде адамдар бұл әрекетімізді «жақсы көрмейді» деп қабылдайды. Осындай пікірдің салдарынан қызғаншақ ер адамдар әйелін қасына алып жүреді, әйел адамдар күйеуінің қалталы телефонын ақтарып шығады. Аяулы аналарымыз балаларын әжесіне тапсырып, өзін кінәлі сезінеді. Мұның бәрі қоғамдық пікірдің нәтижесі. Тек нәресте ғана мұқият бақылау мен қорғауды талап етеді. Ал ересек адамның қасында тәулігіне 24 сағат бойы бірге болудың пайдасы шамалы.
Әрине, махаббат жақындықты қажет етеді. Сіздер бір-біріңізді тыңдай, сыйлай білулеріңіз керек. Алайда, бар уақытыңызды сүйгеніңізбен өткізу шарт емес.
«Мәңгі бірге болуды» талап ететін кімдер?
Соқыр сеніммен өмір сүретін адамдар. Жеткіншектік кезеңінен қалып қалған «сыңарыма әлемді алмастырамын» деген романтикалық қиялы ересек кезінде жетекшілік етеді. Салдарында аналар балаларын, әйелі күйеуін, күйеуі әйелін жанынан жібергісі келмейді. Ал бұл олардың тұлға болып қалыптасуына кері әсер етеді.
Өзіне, өзгеге сенбейтін адамдар. Әдетте бұл жағдайды ананың баласын ешкімге сеніп тапсыра алмауынан байқаймыз. Әжесіне, күтушіге сенбей, олардың жақсы тәрбиелей алатынына, уақытында тамақтандыратынына күмәнданатын ананы мысал ретінде ала аламыз.
Өзгелермен тіл табысуды қаламайтын жандар. Яғни өзіне және отбасына сыртқы әлеммен араласуға тыйым салады. Ол үшін шаңырақ астында бақытты өмір сүру керек.
Өзін тастап кеткен жандар. Ертеректе жақын адамы тастап кеткен адамдардың жаны жарақат алады. Кей жағдайда, өкінішке орай, сондай тәжірибеге душар болған адам мінезі ауырлап, өзгелерге сене алмайтын болады. Осы жараның салдарында «жоғалтып аламын» деген қорқыныш пайда болып, адамды «мәңгі бірге болу керек» деген ұстанымға жетелейді.
Өмірде әлі талай рет келіп-кетер адамдарды кездестіреміз. Оларды босатуды үйренуіміз керек.
Есіңізде болсын: біз бір адаммен мәңгі бола алмаймыз. Сүйіктіміз өмірдің қызығын бірге көру үшін жанымызға келеді. Ал ол жанымызда қалу үшін, өзімізді кемелдендіріп, дара тұлға болуға тырысуымыз керек.
Сурет: ©Данияр Жанжұманов
Оқи отырыңыз:
Махаббат теориясы: сен үшін жаным пида
"Қызғанса, сүйеді" деген пікір дұрыс па?
Неліктен жалғызсыз?
Бақытты жұп қандай болады?
Бақытты жұп қандай болады? #2