- Негізгі бет
- Психология
- Махаббат теориясы: бір...
Махаббат теориясы: бір ауыз сөзсіз түсінемін өзіңді
Біз нәрестенің не қалайтынынын жылағанына қарап ажыратамыз. Ана мен баланың қарым-қатынасы сөзді қажет етпейді. Бала өсіп, жетілген сайын адамдар одан дұрыс, нақты ойлауды, орынды сөйлеуді талап етеді.
Сол секілді біз де сүйіктілерімізден үнемі «сөз күтеміз». «Сен мені сүйесің бе?» деген сұрақты жиі қоясыз ба? Бұған күмән жоқ.
Артық сөзсіз бәрін түсінгісі келетін кімдер?
Айырмашылықты мойындағысы келмейтін адамдар. Бір ауыз сөзсіз түсінісуді дұрыс деп санайтын адамдар. Әдетте, адамдардың бұндай типі «біз ұқсаймыз», «бір-біріміз үшін жаралғанбыз» деген ұстаныммен өмір сүргісі келеді. Ал айырмашылықтар оған үрей ұялатады. Себебі, оның санасында айырмашылықтар қарым-қатынасты бұзады деген соқыр сенім бар.
Ойын жеткізе алмайтын адамдар. Ішімізде не болып жатқанын сүйіктімізге айтпасақ, не қалайтынымызды жеткізе алмасақ, оның түсінуі екіталай емес пе? Бір мәселе туындады ма? Сізді бір жайттар мазалап жүр ме? Бір сұрақтың жауабын таба алмай жүрсіз бе? Айтуды үйреніңіз. Арада 10-20 жыл өткенде ғана (мүмкін) сіз бір-біріңізді сөзсіз түсіне алатын жағдайға жетерсіз. Ал ол үшін сіз алдымен айтып, бөлісуді үйренуіңіз керек. Үй кірпішсіз қаланбайды.
Сүйіктіңмен ойларыңды бөлісу – сыйластықтың белгісі. Оның бала емес екенін ұмытпағайсыз. Жақыныңыздың сізді қолдап, жебеп, көмектесетініне сеніңіз.
Сурет: ©Askar Bumaga
Оқи отырыңыз:
Махаббат теориясы: бірге болайық мәңгілік
Махаббат теориясы: сен үшін жаным пида
"Қызғанса, сүйеді" деген пікір дұрыс па?
Ф. Абилова