Махаббат статистикасы

Махаббат статистикасы

Махаббат логика мен ғылыммен түсіндірілмейтін, ғажайып сезім. Алайда зерттеулер мен бақылаулар махаббат жайлы статистика құрастыруға мүмкіндік береді. Бұл сандарды біліп жүрсеңіз, мүмкін сізге жұбыңызды түсіну оңайырақ болар.

Жігітпен әңгімелескенде есімін екі рет айтыңыз. Осылайша сіз оған қызыққаныңызды байқатасыз. Жалпы адамның атын қайта айту арқылы оны жайлы сезінуге итермелейсіз.

92

Осынша процент ер кісі алғаш кездесулердің мінсіз нұсқасы - романтикалық кешкі ас деп санайды. 

97 

Жігітке сезімін түсініп, махаббаты жайлы айту үшін осыншама күн керек екен.

78

Жігіттердің осынша пайызы алғаш кездесудің алдында интернеттегі парақшасына кіріп, өзі жайлы мәліметтерді өзгертіп, суреттерін қайта қарап шығып, қажет болса өшіреді екен.

5 

Кездесу барысында 5 рет қолынан, иығынан ұстау арқылы оның көңіліңізден шыққаны жайлы белгі бере аласыз.

30

30 сантиметр - алғаш кездесулерде дәл осындай қашықтықта отырыңыз, бұл бір-біріңізді түсіну үшін мінсіз ара қашықтық.

20

Жігітке сізді қайта көргісі келетінін түсіну үшін 20 минут ойлану қажет.

6

Қыздар орташа есеппен өмірінде 6 өте нашар, сәтсіз кездесуге барып келеді екен.

8

Жігітіңізді достарыңызбен тек 8 кездесуден кейін ғана таныстырыңыз. Оған дейінгі достарыңыздың ол жайлы көзқарасы өзіңіздің ойларыңызды бұрмалауы мүмкін.

5 737 197

Елімізде  дәл осынша ер жігіт бар екен. Ал олардың 43,9%-ының басы бос екенін есепке ала отырсақ, жігіт жоқ деп айтуға кімнің дәті барады екен?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vk.com 

С. А