Махаббат өтіп кетті... Адам қалды. Күйзелістің неше түрлісін бастан өткеру, өмір сүруді қайта үйрену, жүрекке тиетін естеліктер... Қысқасы, бір дос қызым осындай күйде жүр. Неге екенін қайдам, мұндай жағдайға көбіне қыздар түсетін секілді...
Сонымен не істеу керек? Арзан ақылымызды айтып көрелік...
Біріншіден, көшеде кетіп бара жатқан өзге жұптарға қызғана қараудың қажеті жоқ. Оларға қайта күлімсіреп, сіздің де дәл осылай жүретініңізге әлдекім кепілдік еткендей болыңыз. Шынайы өмірлік серігін табу үшін қыз балалар белгілі бір ар-ұят нормаларынан асып кетіп жатады. Мұндайды доғарыңыз!
Екіншіден, айнаға қарап көріңіз – дәл осындай әдемі әрі сүп-сүйкімді қыздың көңіл қосар адамы жоқ дегенге кім сенер? Серік іздеуде белгілі бір қатаң қалыптарды сақтаудың да қажеті шамалы. Әр адам өз қырынан сүйкімді, өз қырынан сымбатты. Егер таңдауға бас ұрып, алғашқы махаббатыңыздай бола алмай жатса, оған тек қана сіз кінәлісіз. Талғам деңгейіңізді төмендетуіңіз керек.
Үшіншіден, статистикаға сенсек, 37 пайыз жігіт бірінші жағдайда адамның сән-сымбатына назар салады екен. Ал екінші қауым жігіттер қыз баланың ақылдылығы мен қарапайымдылығына мән береді. Үшінші кезекте ғана жігіт сіздің басқа да қырларыңызға назар салады-мыс. Шешім жасаңыз...
Төртіншіден, өткен күннің «қаһарманы» жайлы естеліктер басыңызда салтанат құрып жүрсе, миыңызда тазалық жұмыстарын жүргізгеніңіз абзал.
Адамдармен көп қарым-қатынасқа түсіңіз. Ортақ тақырыпқа сөйлесіңіз, тек махаббаттан екі шақырым алыс жүру керек.
Шығармашылықпен айналысу пайдасыз емес.
Кейбір психолог мамандар егер қыз бала әлдекімге ғашық болғысы келсе, ол туралы көп ойласа жеткілікті дейді. Ғашық болу шартты дүние емес, сондықтан да әке, ана, әже, ата немесе туыс-бауырларыңызға махаббатыңызды арнасаңыз құба-құп.
Ал бір топ психологтар қыз бала ғашық болғысы келсе, би кешіне көбірек барсын дейді. Шынында да адамдар би билеуде бір-бірін тани түседі, қарым-қатынас жақындай түседі деп сендіреді.
Шын мәнісінде, жігіттер үйленуді емес, ғашықтық сәттерге, бас айналар қиял әлеміне енуге қарсы емес. Тек сол қиял әлеміне ертіп апаратын періштедей қылықты қыз болса болғаны.
Бесінші кеңес:
Қателіктің кімнен шыққанын емес, қайта оның салдарын қайта бір қарастырып, бөтен емес адамыңыздан ізгілікке толы ниетіңізбен кешірім сұраңыз. Ол сіздің қолыңыздан қайта ұстай салмаса да, байланыс жақсарған соң оны «жоғалттым-ау» деген күйбелең әлсірейді...
Автор: Ардақ Құлтай
Сурет: vgorode.ru