- Негізгі бет
- Психология
- Махаббат, махаббат па...
Махаббат, махаббат па жылатпаса?!
Адамның өмірінде қатар жүретін құбылыс көп. Ақ пен қара, жақсылық пен жамандық, қуаныш пен қайғы, сәттілік пен сәтсіздік, сондай-ақ кездесу мен қоштасу. Бұл айтылғандардың бәрі ащы да болса шындық, қатал да болса заңдылық. Одан қашып құтыла алмаймыз. Осындай ащы өмір заңдылықтарының бірі, жалындаған махаббат отына өртенген адамдар басынан өткеретін айрылысу машақаты.
Өмірде қанша түрлі адам болса, айрылысудың да сонша түрі кездеседі. Біреулер дос болып қалуды жөн көрсе, біреулер жауығып, бірін-бірі көрместей болып айрылысып жатады. Қалай айрылысу маңызды емес, маңыздысы айрылысқаннан кейінгі сезім. Сүйген адамыңмен айрылысқаннан кейін өз-өзіңе келу көбіне қиынға соғады. Жаныңа орны толмас жара салар мұндай сезімнен кейін кейбір жандар көпке дейін оңала алмайды, тіпті қалған өмірінен ысыра алмай, жаңа адаммен танысса да сол өткен өміріндегі өкініштері қайталанатындай көрінеді де тұрады. Ал енді бірі мүлде басылып қалады. Тағы да айрылысу мен жан күйзелісін бастан кешірем деген оймен, жаңадан танысқтан, жаңа қарым-қатнасқа түсуден, шынайы сезімге берілуден қашқақтайды. Бұлай өмірден түңіліп, дипрессияға түсу әрине қателік. Сүйген адамыңмен қоштасу ешкімге де оңай соқпасы анық. Әйтсе де, осындай сын сағаттарда құлдырамаймын десеңіз біздің айтар кеңесімізге сүйеніңіз.
1. Айрылысқаннан кейінгі алғашқы күндер – сіз үшін ең ауыр күндер. Жартыңыздың жаныңыздан әркез табылғанына үйренгендіктен оның орны ойсырап тұрғандай көрінері. Әйтсе де жақсы нәрсені ойлауға тырысыңыз. «Жалғыз қалай өмір сүрем?» деп емес, керісінше, «Бұл бос уақытымды қандай жағымды әрекетке жұмасасам екен?» деп ойлаңыз. Бұрын жүзеге асыра алмаған жұмыстарыңыздың жоспарын құрыңыз. Сол жоспар бойынша әрекет етіңіз.
2. Көпшілік әйелдер қауымы айрылысқаннан кейін жұмысқа алданып, ойын бөлуді жөн көреді. Бұл ойын теріс деп айта алмаймыз, себебі, махаббат мұңын, өткен күндердің бұлыңғыр елесін аңдығаннан жұмысқа алданған әлде қайда тиімді. Үйге қосымша жұмыс алыңыз немесе көп уақтыңызды офисте өткізіңіз. Бірақ әр нәрсенің өлшемі бар. Шектен тыс шаршауға дейін бармаңыз.
3. Өзіңізді жақсы көретін жандардың, достарыңызның, жақындарыңызның жанынан жиі табылуға тырысыңыз. Олар сізді қандай қадамға барсаңызда әркез қолдайды, шын жанашыр бола алады. Қайғыңызды бөлісе алатын жандардың жанында ғана эмоционалдық күйіңізді реттеп, дұрыс жолды таңдай аласыз.
4. Сезіміңізді қағазға түсіріңіз. Күнделік бастап, күнделікті сезіміңізді, ойыңызды, көңіл-күйіңізді жазыңыз. Тек өзіңізге шыншыл болып, бұрын жазғаныңызды өзгертпеңіз. Себебі бұлардың барлығы болашақта сабақ болады. Кейіннен оқығанда ешбір қарым-қатнас сәтсіз болып көрінбейді. Тек болашаққа дайындық деп түсінесіз.
5. Көңіліңізді көтеретін, депрессиядан шығуға көмектесетін әр түрлі өзіңізге ұнайтын жаттығулар жасаңыз. Достарыңызбен жаттығу залына немесе саябаққа барып сымбатыңызды күтіңіз. Әрбір қадам басқан сайын ашу мен реніштің қалай кеткен байқамай да қаларыңыз сөзсіз.
6. Жүрегіңіздегі жара, өткен күннің өкініштері, ол адамға өшігу сияқты сезімдерден арылыңыз. Себебі бұл сезімдер еш жақсылық әкелмейді, керісінше, жаман эмоцияға бой алдыртады. Ол адаммен араңыз кіршіксіз, пәк, ерекше болғанымен, оның бәрі өткен күннің еншісінде қалғанын мойндаңыз. Қаншалықты өкініші болса, соншалықты бақытқа кенелткен осындай махаббатты бастан өткізгеніңізге қуаныңыз, және келесі жолы міндетті түрде махаббат хикаясында жолыңыз боларына сеніңіз.
7. Кей сәттерде депрессиядан арылуға жаныңызға жақын жағымды әуен тыңдағанның өзі көп септігін тигізеді. Жүрегіңіздегі ауырлық, қайғы-мұң, өкпе-наз бұл сезімдерді ертеме кешпе сыртқа шығу керек. Осындай уақыттарда жай-күйіңізге сай келетін әуен тыңдау арқылы шығаруыңызға болады.
8. Қандай жағдай болмасын өзіңізге деген сенімді жоғалтпаңыз, өз биігіңізден түспеңіз. Ажырасу кезінде адамдар көбіне өз эгосын, яғни өз менін жоғалтып жатады. Өткен кездегі бар естеліктерді есіізден шығарып, жұптасып емес әзірше, өзіңіз өмір сүріп үйреніңіз. Психологтардың айтуыша, отбасылық жағдайдағы адамдардың дені, өз тұлғасынан, индивидінен айырылады. Сондықтан да өзіндік қасиетіңіз бен қадіріңізді бойыңыздан жоғалпаңыз.
Егер сіз бір адамның өткені болсаңыз, біреуінің болашағысыз! Бұралаң соқпағы мен тосын сыйға толы өмір жолында нендей жағдайд бастан кешіріп отқан тек сіз емессіз. Айналаңыздағы адамдар сол қиындыққа төтеп берген кезде, сіз қалайша әлсіздік танытасыз? Сондықтан әр адам өз мүмкіндігі мен жігеріне сеніп, өмір табиғатындағы уақытша шалған бұлтты сейілте білу керек. Есіңізде болсын, әр жауыннан кейін табиғат бізді шуақты да нұрлы күндерге бөлейді. Сіздің де шуақты күндеріңіз алыс емес шығар бәлкім?!
Н. Айдархан