Махаббат кофе сияқты. Қара түрі, кілегей қосылған, ваниль қосылған түрі бар... Ал кейде ащы түрі болады. Дәл сол бір шыны ыстық кофе арқылы бір-бірімізге ешкім бере алмаған жылуды сыйлай аламыз. Оны қарызға бере алмаймыз, жоғалта да алмаймыз. Бұл – біздің естеліктеріміз. Біреулер кофені таңертеңгі мезгілде сергу үшін ішкенді жақсы көреді. Ал біреулер түнде ұйқысын ашу үшін кофе ішеді. Ал бұл қысқаметражды фильм кейіпкері кофені жасағанды жақсы көреді. Себебі ұнатқан қызының жүрегін жаулап алуда қолындағы жалғыз қаруы – кофе. Махаббат майданында жеңіске кім жеткенін бейнежазбадан тамашалаңыздар.