- Негізгі бет
- Психология
- Махаббат жайлы... ...
Махаббат жайлы...
Махаббат әрқашан тек ғашық болғандардың арасында ғана емес, жалпы әлемдегі барлық адамға, оның ішінде байлар мен кедейлерге де, базарда тұрған саудагерлерге де, ғылым қуған ғалымдарға да, ойшылдар мен ақын, жазушыларға да ең қызықты тақырыптардың бірі болып келді. Және солай қала беретіні сөзсіз. Сондықтан бұл жолы да махаббат тақырыбын қозғауды жөн көріп отырмыз. Ендеше кеттік!
Мексика елінің ежелгі билеушісі, атақты Монтесума сүйіспеншіліктің ең әсерлісі – шоколад деп сенген. Сондықтан болар, алты жүз әйелімен кездеспес бұрын, ол алдымен 50 шыны сұйық шоколад ішіп алады екен.
Ғалымдардың пайымдауынша, жігіттер үйленуге дейін шамамен 7 рет ғашық болып үлгереді екен.
Өмірде ешқашан ғашық болып көрмегенін айтып бағатын адамдар жеткілікті. Ал мұндай күйді ғылым тілімен айтқанда гипопитуитаризм дейді. Ал қазақтың қарапайым сөзімен айтқанда, бұл сүйіспеншілік сезімін сездірте алмайтын айтарлықтай сирек кездесетін ауру түрі. Қысқасы «тормоздар».
Сүйікті адамы қабыл алмағандықтан көңіл-күйі жоқ студенттердің психикасын зерттеу кезінде физикалық ауруды анықтайтын ми бөлігінің шамадан тыс белсенділігі байқалған.
Қысқа мерзімді қарым-қатынас мәселесіне келгенде жігіттер қыздарға қарағанда анағұрлым сабырлы болатыны байқалған. Алайда, өмірлік жар іздеуге келгенде жігіттен асқан кірпияз адам табылмайды екен.
Махаббат, жігіт пен қыз арасындағы қарым-қатынас саласындағы басты психолог деп бүгінгінің қыздарын айтуға болады. Себебі, бүгінгінің қыздары күні-түні жатпай-тұрмай махаббат жайлы роман, хикаяларды, газет-журналдардағы сүйіспеншілік сезім жайлы жазылған мақалаларды, жалпы махаббатқа қатысты кез келген нәрсені күніне беттеп емес, томдап оқитын болды. Бос уақытының бәрін құрбыларымен тағы да махаббат жайлы әңгімелесумен өткізеді.
Қорыта айтқанда, кітаптан оқитын ұлы махаббат бүгінде үлкен тапшылыққа айналып отыр. Сол себепті, құрметті қазақ жігіттері мен нәзік жанды қыздары, бір-біріңізге қыстың суық күндеріндей мінез танытпай, жаздың жайма-шуақ күніндей күлкі сыйлаңыз. Неге десеңіз, әлемді құтқаратын тек махаббат емес пе?!
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: vk.com
Ж. FM