1620 жылы Ицхак Бэн Эльяким есімді кісі өзінің қызына арнап "Мейірімді жүрек" атты кітап жазған. Бұл кітапта "Мінсіз жардың 10 ережесі" жинақталған екен. Оның оймақтай ойлары бүкіл әлемге таралып кетті. Әйгілі 10 ережені біз бүгін сіздерге ұсынамыз.
1. Жарыңды ұйқыдан оятпа.
2. Күйеуіңе тамақты көп күттірме. Аштық - ашудың бастауы.
3. Оған қарсылық көрсетпе.
4. Жұбайыңа ауыр сөздер айтпа. Оған патша сияқты қарасаң, ол да сені патшайымындай көреді.
5. Оның жауларын жақтама, достарын жақсы күт.
6. Жарыңнан болуы мүмкін емес ерліктер күтпе.
7. Күйеуіңнің ақшасына ұқыпты бол. Өзіңнің ақшаңды одан жасырма.
8. Оның сырларын сақтай біл. Тіпті, оның жаман жақтары да ішіңде қалсын.
9. Сүйіктіңнің өтініштерін бұлжытпай орындасаң, ол сенің құлың болады.
10. Оның ызаланған сәттерінде абай бол. Ондай кезде тым көңілді де, қатты ұрысқақ та болма, жымиып қана ақырын сөйле.
Кітап бірнеше ғасыр бұрын жарық көрсе де, кеңестер бүгін де өз мәнін жоймаған. Ал сіз қалай ойлайсыз? Осы кеңестер біздің жас келіншектерге көмектесе алар ма еді? Жүздеген жылдар бойы ерлі-зайыптылар қарым-қатынасында ештеңе өзгермеген бе? Сіз қандай кеңес берер едіңіз? Форумда талқылайық.
Сурет zavtra-svidanie.ru сайтынан алынды.