- Негізгі бет
- Психология
- Махаббат ережеге бағынған...
Махаббат ережеге бағынған кез
Махаббат тақырыбы Massaget.kz жазатын негізгі тақырыптардың бірі. Қыз бен жігіттің арасындағы өзара байланыстың барлығына болмаса да, кейбір елдерде кейбір тұстарда заң я ереже, я тіпті болмаса таным болады екен. Олардың ең қызықтысын сіздерге ұсынайық, күліп алсаңыз да, ойланып алсаңыз да, ерік өзіңізде.
- Мерилэнд қаласында бір секундтан ұзақ сүйісуге болмайды екен.
- Миннесотада ер адамның аузынан жағымсыз иіс (жуа, сарымсақ) шығып тұрса, қыз балаға жолауға болмайды.
- Адам ғашық болған кезде, миында қоғамдық пікірді қабылдамайтын нейрон жүйелері пайда болады. Тіпті достар мен отбасындағы басқа мүшелердің сөздеріне құлақ аспайтын болады. Көптеген зерттеулердің нәтижесіне сенсек, махаббаттың азабына түскен адам физикалық ауруға душар бола бастайды.
- Мексикалық ежелгі жазушы Монтесума ғашықтықтың қуатын шоколад береді деп жазған екен.
- Адамның үйленбей тұрып 7 рет ғашық болатынын білеміз, ал кейбір адамдар өмірінде тіпті ғашық болмағанын айтады. Мұндайды ғылыми тілде гипопитуитаризм деп атайды екен. Бұл сезімді сезінбейтін аурудың бір түрі ретінде ғылымға енген.
- Қарым-қатынасты үзген соң, адамда «фрустрация» болады екен. Бұл дегеніңіз айырылысқан адамды екі-үш есе қатты жақсы көруге душар ететін дерт.
- Ғашықтықтан арылудың ең пайдалы әрі оңай жолы антидепрессант пайдалану екен. Бұл зат ағзадағы серотонин деңгейін көтеріп, көңіл-күй мен серігін ұмыта алмау қасиетін жоққа айналдыра алады-мыс.
- Психологтар болса, әр адамның өзіне жар таңдауында оның өз әке-шешесіне ұқсауына байланысты шешім жасайды екен.
- Адам баласы экстремалды жағдайларда ғашық болып қалу «қаупі» көп. Мәселен, кеңседе бірге жүрген адамдар қиын-қыстау заманда бір-бірін ұмыта алмайтын болады.
- Адам биологиялық қажеттіліктерінің қатарында тек жыныстық қатынас қана емес, сонымен қатар ғашық болуға деген құштарлық та бар болып шықты.
- Көптеген мәдениетте махаббаттың символы - байланған жіп болып есептеледі. Қазақ дәстүрінде де байланған жіпті сыйға тарту махаббатты білдіреді.
- Үйленер алдында қызға қарағанда, ер адам қырсық бола бастайды-мыс.
- Қыз бала ер адаммен бетпе-бет отырып әңгімелескісі келсе, ер адам қатар тұрып, немесе жүріп әңгімелесуді ұнататын болып шыққан. Бұл да көптеген бақылаулардан кейін жасалған шешім.
- Жаңа қосылған жұп тек төртінші жылы ғана айырылысу туралы ойлай бастайды-мыс.
- Әлемдегі барлық еркектер өзінен үш жасқа кіші қыздармен отау құрады екен.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: hugloo.com
А. Құлтай