Ер адам мен қыз баланың арасында достық болады дегенге сынмен қарайтындар көп. Біреуі болады десе, енді бірі болмайды дейді.
Бірақ осы сауалға зерттеу жүргізген Канада елінің Виктория Университетінің ғалымдары ұл мен қыздың, ер мен әйелдің арасында достық болатыны әрі махаббат достықтан пайда болады деген тұжырымға келген. Мұндай пікірге келуіне себеп болған – зерттеуге алынған адамдардың басым бөлігі отбасы құру идеясы достықтан басталғанын айтқаны.
Зерттеуге 1900 адам қатысқан екен. Олардың арасында студенттер де, ересектер де бар. Зерттеуге қатысушылардың 68 пайызы романтикалық сезімі достықтан басталғанын атап өткен. Бір-бірін мүлде танымайтын жастардың таныстығы достыққа, достығы ғашықтыққа ұласқан.
Әрі зерттеуге қатысқандардың көбі сезімнің ұлтқа, нәсілге, жасқа және білімге қарамайтынын айтқан. Басында достық, жолдастық қарым-қатынас болған. Сезім кейін туды дегендей...
Ал сауалнамаға қатысқан жұптардың 85 пайызы басында дос болғанын, сезімнің кейін туғанын атап өткен екен.
Осы зерттеуге қарап, жігіт пен қыздың достығы болады әрі сезім достықтан бастау алады деуге келетін тәрізді.