Маған «саған қандай жігіттер ұнайды?» деген сұрақты жиі қояды. Бұл жолы жауапты толыққанды қылып әйелдер қауымының атынан жазып, жариялауға бел будым.
Мен сымбатты жігіттерге назар аударамын. Көздері әдемі, бет әлпеті сымбатты, әдепті, әдемі сөйлей білетін, лезде шешім қабылдай алатын, адамдармен тіл табыса алатын, ешбір әйел затына дөрекі сөз айтпайтын, сыртқы келбетінде де, жүріс-тұрысында да дөрекілік, тұрпайылық жоқ ерлерге сүйсінемін. Нағыз еркектің өмірінде ұрыс-жанжал, тағдырға реніш, қоғамды кінәлау, опасыздық, өтірік айту және сараңдық болмайды. Керісінше, ерге лайықты әрекеттер – өзіндік пікірінің болуы, мұқтаж адамдарға көмектесе білу секілді қасиеттер болады. Нағыз еркек өзіне жағымды, қызықты жұмыс іздейді, ал егер жұмысы өзіне ұнамаса, демек, ол төлемақысы жоғары қызметте істейді. Нағыз еркек – өмірге, жаңа дүниелерді білуге қызығатын болады. Нағыз ер адам немқұрайлы, жалқау болмайды. Ол белгілі бір уақыт ештеңе істемей отыруы мүмкін, алайда бұл жалқаулық емес, демалу саналады. Бұлардың аражігін ажырату маңызды. Нағыз еркек – қайсар мінезді болады, қиыншылықтарға төтеп беруге тырысады. Сіз оған сене аласыз, ол міндетті түрде сөзінде тұрып, сізге көмегін береді. Өзін жақсы көретін адамдар үшін ол бәріне дайын.
Өмірде жоқ адамның бейнесі деп ойлайсыз ба? Қателесесіз! Өмірінде тек дұрыс, пайдалы әрекеттерге ұмтылатын ерлер аз емес!
Ал сымбатсыз жігіттер жайлы айтар болсақ... Өтіп бара жатқан сүйкімді қызға тиіспесе жүре алмайтын, әйел затымен әңгімесі жараспайтын ерлерді ұнатпаймын. Мұндай адамдармен дос болу мүмкін емес. Осындай ерлердің кесірінен әйел қауымында «барлық еркектер дөрекі, мәдениетсіз» деген пікір қалыптасты. Кейде, тіпті, мұндай жігіттер бүркеніп алып, өздерін мәдениетті ұстауға тырысады. Алайда, болмысы өзге болса, бұл қашанға дейін барады? Бұл типті ер адамдар үшін өмірдің мәні – ләззат алу. Мұндай жігіттер күйеу болуға, дос болуға жарай ма? Әрине, жоқ. Себебі, рухтың ластығы өзгелерге де әсер етеді.
Бұл екі типтен сіз көп адамды таныған боларсыз. Нағыз ер адамның қамқорлығына, ізгілігіне тұрарлықтай болуды да ұмытпаңыздар, арулар!
Ақылды әйел және дана әйел
Ақылды әйел және дана әйел 2
Ер адамға ойыңызды дұрыс жеткізе біліңіз
Бір-біріңізге қамқор болыңыз
Cурет: vk.com