- Негізгі бет
- Психология
- Мәдина Сәдуақасовадан кеңес....
Мәдина Сәдуақасовадан кеңес. Енемен тіл табысудың 4 тәсілі
Мәдина Сәдуақасова anabol.kz сайтына енемен тіл табысудың төрт тәсілін атапты. Оқып көрейік.
1. "Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады".
Ене ғана емес,жалпы адамның көңілін табудың бір тәсілі - жақсы сөз, мейірімділік. Әрқашан да көңіліне қарап сөйлеу имандылық белгісі саналмақ. Яғни енеңіздің мінезін жақсы білгеніңіз дұрыс, көңіл-күйін аңғарып, мейірім-шуағыңызды төгіңіз, жақсы сөздер ғана жанды жылытатынын ұмытпаңыз.
2. Кішіпейіл болыңыз.
"Үлкенге құрмет, кішіге ізет" білдіргеннің артығы жоқ. Үнемі ағайын-туғанмен қарым-қатынасыңыз жақсы болып, сыйластық танытыңыз. Сіздің жақсы болғаныңыздан енеңіздің қадірі артады.
3. Төзімділік.
Әрине, әрдайым сабырлы болып, бәріне төзіп жалыққан боларсыз. Десе де, бір жамандық артынан бір жақсылық бар. Сондықтан, ашу шақырып, мінез көрсетуден аулақ болыңыз. Әр нәрсенің қайыры бар. Сабыр етіп, төзімділік танытсаңыз бәрі өз жолымен жүреді.
4. Сыйлықтар жасаңыз.
Енеңізге үнемі көңіл бөліп, сыйлық беріңіз. Ал сыйлық алған кімге де болмасын ұнайды емес пе?
М. Оңғарова