Адамдардың қызыл түске деген құштарлығы ертеректен келе жатыр. Көп тілде «қызыл» сөзі түсті білдіріп қана қоймай, «әдемі», «көркем» деген мағынаны білдіреді. Мысалы, Қытайда ақжарқын, ашық адамдарды «қызыл жүректілер» деп атайды. Ал полинезиялықтарда «қызыл» сөзі «сүйіктім» мағынасын береді.
Бұл түс қанмен және отпен байланысты. Оның түрлі символикалық мағынасы да жоқ емес. Ең алдымен, ол қуанышты, әдемілікті, өмірдің шаттыққа толы екендігін, махаббатты білдіреді. Бір шетінен, соғысты, кекті, агрессияны, бір нәрсеге қатты құмарлықты баян етеді.
Қызыл геральдикалық түс болып табылады. Ал тарих беттерінде төңкеріс, көтеріліс, тәуелсіздік сынды ұғымдармен қатар жүреді.
Оның көз бояушылыққа қарсы тұру, мұнымен қатар емдік қасиеті бар.
Бұдан өзге мемлекеттерде қызыл түс күннің ыстық болуымен, оңтүстікпен байланысты.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: big.ru