Қызықты өтірік өсектер

Қызықты өтірік өсектер

Өтірік өсек, өтірік әңгіме тез таралады. Өтірік – әрине, жаман әдет. Ал орынды айтылған өтірік кейде пайдалы, кейде көңілге күлкі сыйлайды.

***

Калифорниядағы орманға кеткен өртті өшірушілер бар күшін салып өртті өшіріп болғанда, күл ішінен үстіне суға сүңгушілердің киімін киген бір өлікті байқайды. Бірақ тексере келе оның отқа күйіп немесе түтінге тұншығып өлмегенін, қайта, биіктен құлап өлгендігі анықталады. Сонымен, жорамал жасау арқылы өрт сөндірушілер мынадай тұжырымға келеді:

Бұл адам негізі шығанақта суға сүңгіп жүрген. Өрт өшіруші тікұшақ теңізден су тартқызып, өртті өшірмек болған кезде, бұл сүңгуірші сумен қоса тартылып шыққан. Сонымен өртке қайта су шашқанда бұл тікұшақтың өрт сөндіру құбырынан құлап өлген. Интернет бетіне лезде таралған осы хабардан кейін интернет тұтынушылары жан-жақты талдау жасапты. Олардың ішіндегі өрт сөндірушілер мен суға сүңгушілердің пікірлері мұның өтірік екендігін бірден анықтай алады. Ал қарапайым адам болса осындай да нанымды «өтірікке» сенетіні айдан анық. Шын мәнінде өрт сөндіруші тікұшақтың теңізден су тарту құбырының диаметрі өте шекті. Ересек адам бұл құбырға сия қоюы мүмкін емес.

Дақпырт деген қызық-ақ.

1996 жылы Калифорнияда қызмет істейтін біреу жарнама газеттерінің ішінен бір автокөлік жарнамасын көреді. Жап-жаңа Порше маркалы көлік небәрі 50 АҚШ доллары екен. Бұл адам газет көлік бағасының соңындағы екі нөлді кем басқан болуы мүмкін, бірақ, қолданылған мұндай автокөлік 5000 АҚШ доллары болған күннің өзінде де өте арзан емес пе деп ойлайды. Сонымен, осы жарнамадағы мекенжайды іздеп барған әлгі сатып алушыны тәп-тәуір сұлу келіншек қарсы алады. Еш ақау түспеген автокөлік бағасы шынымен де 50 АҚШ доллары екен. Ал әлгі келіншек күйеуінің жуықта хатшы қызбен бірге қашып кеткенін, арада бірнеше күн өткен соң күйеуінің қайтара телефон шалғанын, қалтасында ақшасы қалмағанын, телефонда автокөлікті сатып ақшасын салып жіберуін сұрағанын, үйге қайтқысы келетінін майын тамыза отырып баяндап береді.

Ал сіз осы әңгімені шын деп ойлайсыз ба?! Шын мәнінде дәл осы әңгіменің шетел газеттерінде болсын, интернет желісінде болсын тура осындай оқиға желісіндегі көптеген нұсқасы бар екен. Әр бірінде адам аттары ұқсамайды, көлік маркасы әртүрлі болып келеді. Бәрінде еркектің опасыздығы айтылған. Бұл жайлы бір айтулы интернет бетінің редакторы мұндай әңгіменің 1948 жылы ең алғаш Ұлыбританияда таралғанын, 1979 жылы Чикагоға келгенін, қазірге дейін бұл әңгіменің сан түрлі нұсқасының бар екенін айтыпты. Мұның бәрінде де әйелдердің кең алу психологиясы өте нанымды бейнеленген. Демек, бұл бір анекдоттың әңгімеге өзгерген түрі ғана. Бұл әңгіменің таралуының басты себебі, жұрт көңіліне ұнауында жатыр.

Ал шетелде нәсілдік кемсіту жайлы мынадай бір қызықты әңгіме кеңінен таралған.

Атақ-абыройға иек сүйеу, мақтаншақтық, өркөкіректік жайлы тағы бір қызықты өтірік әңгіме де жұрт арасына кеңінен таралыпты. Ауа-райы тым нашар бір күні Лондон әуежайында бірнеше ұшақ кезегі күшінен қалдырылып, көптеген жолаушылардың қайта тізімделуіне тура келіпті. Сонда бір жолаушы кезек күтіп тұрғандардың арасынан кимелей келіп, қызметкерлерге өзінің азаматтық куәлігін (әлде бір мәнсапты, әлде кино не өнер жұлдызы) көрсетіп:«Менің кім екенімді білесің бе?! Мен дереу ұшаққа шығуым керек!» дейді айғайға басып. Сонымен, бір ұшақ қызметкері әуежай радиосында: «Менің кім екенімді білесің бе?» деген бір мырза өзінің кім екенін ұмытып қалыпты. Осы мырзаны танитындар болса, он жетінші тізімдеу орынына келіңіздер» деп жариялап жібереді. Сөйтіп кезекте тұрған жолаушылар ду күледі. Кейде адамдар мына дүниенің мейірімге, кішіпейілділікке толы болуын арманайтындықтан, осындай әңгімелерді көптеп таратуға құштар келеді.

Адамзатқа пайдалы өтірікті кейде айтуға болатыны жайлы ғұламалар да айтып кеткен жоқ па?!

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек