Қызғаншақтық - жақсы ма, жаман ба? Нақты айтуға қиын бұл мәселе әр жұпты толғандыратын болар. Қызғаншақтық жайлы не білеміз?
Қызғаныш жақсылыққа баулиды. Бойымызды қызғаныш билегенде, біз сүйіктімізге одан да жақсы болып көрінуге тырысамыз. Бар күшімізді өзіміздің ең жақсы қасиеттерімізді көрсетуге саламыз.
Қызғаныш өмір жасын қысқартады. Статистика бойынша, қызғаншақ адамдар басқаларға қарағанда 10-15 жыл кем өмір сүреді екен. Қызғаныш сезімі гипертония, жүрек-тамыр жүйесі ауруларын қоздырады.
Қызғаншақтық сезімі мәдениетті адамдарда көбірек пайда болады. Психологтардың айтуынша, ең мәдениетті елдерде қызғаншақтардың саны көп. Олардың ойынша, мәдениетте артта қалған елдер сезімдердің адалдығына онша мән бермейді.
Әйел - міне, нағыз қызғаншақ. Расында, әйелдер жиірек қызғанады.
Ер қызғанышы - қауіпті сезім. Ал ерлердің қызғанышы тереңірек, олар сүйіктісінің адалдығына күмәні болса, мәселені түсіндіру қиынға соғады.
Кейде қызғаныш психикалық ауру болады. Қызғаншақ адамдардың 15-20%-ында қызғаншақтық сезімі психоз белгілерімен бірдей болады.
Қызғаныштан тәуелсіз. Адамдардың 3-5%-ы мүлдем қызғаныш сезімін білмейді. Бұндай эмоционалды суықтық, немқұрайлылық көбінесе ерлерге тән.
Ал сіз қызғаншақсыз ба?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: psyho.ru