Кез келген адам жаман қасиетін жасыратыны белгілі. Ал қызғаныш жақсы қасиет емес. Көбі оны жасыруға тырысады. Бірақ жасырғанмен, әйтеуір бір күні шығары анық.
Танысқан адамыңыз қызғаншақ па әлде жоқ па – барынша ерте білгеніңіз абзал емес пе? Ендеше қызғаншақ адамды қалай анықтауға күні бұрын қалай анықтауға болады екен, соны қарастырып көрейік.
Мәселен, Мичиган университетінің мамандары қызғаншақ адамның көбі тұйық келетінін айтады. Әсіресе, көнгіш, көңілжықпас, барынша жабық, тұйық, сосын ашуланшақ адамдар қызғаншақ келетін көрінеді. Мұндай адамның қызғаншақтығы қыз-жігіт боп жүргенде қатты білінеді екен.
Мамандар мұндай қорытындыға 509 әйел мен 338 жігіттің жеке деректерін тексеріп барып келген. Оған 18-63 жастағы адамдар қатысқан. Сонда тұйық адамның қатты қызғаншақ келетінін байқаған.
Өйткені мұндай адамдар басқа адамға тез бауыр басады да одан айырылып қалудан қорқады. Ер адамға қарағанда әйел адам барынша қызғаншақ келеді, көбіне эмоционалды қызғаншаққа бой береді. Ал ер адам жыныстық қызғанышқа бой алдырады. Бұл жерде әйел үшін эмоционалды байланыс жоғары болса, ер адам үшін жыныстық қатынас маңызды болып тұр.