Адамның жақсы көретін түсі арқылы мінезі мен жеке қалауы туралы көп мәлімет алуға болады. Бойжеткендер өзі киген киімінің түсі арқылы өзгелерге құпия ақпарат ұсынады. Бұдан өзге киімнің түсі тікелей көңіл-күйге әсер етеді. Олай болса, қыздардың мінезін таңдаған түсіне қарап анықтайық.
Көк түсті жауапкершілікті мойнына ала алатын, ақылды әрі тәуелсіз бойжеткендер таңдайды. Олар қарапайым, ұстамды келеді. Бірақ мұндай адамдармен тіл табысу оңай емес.
Сары түсті көшбасшы болуды ұнататын жандар таңдайды. Олар түрлі өзгеріске дайын. Қандай қиындыққа тап болса да, өзін жоғалтпайды. Шешім қабылдайтын кезде ақылға жүгініп, табандылық танытады. Кез келген адаммен оңай тіл табысады.
Күлгін түсті арманшыл, эмоциясына тәуелді жандар таңдайды. Олар бала сияқты, кез келген нәрсеге сеніп қалады. Шулы ортаны ұнатады, бос уақытында өлең жазады.
Қызғылт сары түсті мақсатына жетпей тынбайтын, әрдайым көңілді жүретін бойжеткендер таңдайды. Олардың таныстары өте көп, мерекелік кештерге жиі барады. Махаббат мәселесіне келгенде өте тұрақсыз.
Қызыл түсті қызуқанды, қай істе де жеңіске жетуді жөн көретін бойжеткендер таңдайды. Олар көптің назарында болуды жөн көреді. Ешнәрседен қорықпайды.
Жасыл түсті табанды, бастаған ісін соңына дейін жеткізетін, жауапкершілігі мол жандар таңдайды. Тек өзінікі ғана дұрыс деп ойлайды. Өзінен бұрын өзгенің жайын көбірек ойлайды. Кейде сөзінің дұрыстығын дәлелдеу үшін артық кетіп қалуы мүмкін.
Қара түсті мансапты отбасынан жоғары қоятын, беделіне нұқсан келмес үшін барлығын жасайтын жандар таңдайды. Олар аз күледі, өзін қатыгез етіп көрсетуге тырысады.
Ақ түс тазалықтың, пәктіктің түсі. Бұл түсті таңдайтын адамдар өте бақытты, өзгелерге де жақсылық тілейді.
Қоңыр түсті сабырлы, жан тыныштығын қалайтын жандар таңдайды. Көңілді кештерден отбасылық дастарханның басында отыруды жөн көреді.
Сұр түсті өзіне назар аудартуды жөн көрмейтін бойжеткендер таңдайды. Олар үнемі айналасынан қорқып жүреді.
Алқызыл түс ерке мінезді, қиялшыл қыздарға тән. Жан-дүниесі бала секілді. Ешкімге арамдық ойламайды, барынша жайдарлы.
Ал сіз қай түсті ұнатасыз?