Сағат – басты акссесуарлардың бірі. Қазіргі кезде сағат тек уақытты білу үшін емес, сән үшін қолданылады. Оған қоса, қыздар қауымы таққан сағаттың белгілі бір сыры бар. Сырына үңілгіңіз келсе, жазбадан таныңыз.
Қыздардың қолындағы классикалық қымбат сағат олардың табысты екендігінен, өзін жоғары бағалайтындығы туралы хабар береді. Мұндай әйел жоғары қабілеттілігімен, тәртіптілігімен, мақсаттылығымен ерекшеленеді. Ол өз уақытын және өзін бағалай біледі, әрдайым жаңа жетістіктерге ынталы болады.
Ерекше пішінді, әдеттегіден тыс дизайнды сағат таңдайтын қыздар оғаш қылық көрсете алатын адамдар қатарына жатады. Мұндай қыздар өмірді мысқылмен қабылдап, көңіл көтергенді ұнатады және олардың мінезі көбіне құбылмалы келеді.
Өмірде тұрақтылықты бағалайтын нәзік жандар шаршы пішінді сағаттарды тағады. Мұндай әйелдер өз ісінде нақты, қайсар болып келеді. Олар – еңбекқор, қадамын алдын ала пайымдап басатын жандар. Белгілі бір мәселеге жеке ойын қалыптастырса, оны өзгертуі екіталай, сол пікірі қате болса да, мойындатады. Оған қоса, өмірін өзгертуге дайын емес.
Дөңгелек не сопақша келген сағат романтитканы қалайтын жандардың көңілінен шығады. Әдетте мұндай әйелдер өте сезімтал және аңқау болады. Десек те, олар – адаммен тез тіл табыса алатын, қолынан келгенін аямайтын адамдар.
Егер әйел көлденең тік төртбұрыш пішінді сағат таңдаса, ол өзгеріс пен жаңалыққа тез үйренбейді. Оларды тың дүние үшін орнынан тұрғызу өте қиын. Есесіне, ол темірдей төзім мен таңғаларлық шыдамдылығымен мақтана алады.
Тігінен бекітілген тіктөртбұрыш пішінді сағаттарды ызақор және атаққұмар қыздар жиі таңдайды екен. Мұндай қыздар мақсаттылығымен ерекшеленеді. Олар – өте сенімді серіктес және даулы мәселелерден алшақ жүретін жандар.
Қисық пішінді сағаттарды тұрақсыз қыздар алады. Мұндай аксессуар иелері өз әдеті мен әуестерін жиі өзгертіп, мың құбылып жүреді. Олардың белгілі бір мақсатқа қол жеткізуі өте сирек кездеседі, көбіне бастаған ісін аяқсыз қалдырады.