Көп ару жанында мінсіз жігіттің жүргенін қалап, оған ұнау үшін өзін өзгертуге тырысады. Жаттығу залына барып, түрлі косметикалық рәсім жасатады. Денеге қонымды киім сатып алып, түрлі аспаздық курсқа жазылады. Өкінішке орай, бұл әрекеттері сүйіктісінің өмір бойы жанында болатынына кепілдік бермейді. Егер осы күнге дейін өмірлік жарыңызды жолықтырмай жүрген болсаңыз, кезекті материалымызды оқыңыз. Ол қатемен жұмыс жасауға көмектеседі.
Бойжеткендер жіберетін 11 қателік:
1. Бітпейтін шағым. Шағым мен өтініштің арасында үлкен айырмашылық бар. Ол айырмашылық көңіл күймен тікелей байланысты. Сол себепті шағымданудың қажеті жоқ, бар болғаны ойыңыздағыны ашып айтыңыз. Шағымданар болсаңыз, міндетті түрде бір адамды кінәлі етіп шығарасыз. Шешімді сүйіктіңізбен ақылдасып отырып қабылдауды үйреніңіз.
2. Өзен ағысымен қатар жүзген өмір. Не жасасаңыз да, махаббатпен жасауға тырысыңыз.
3. Жігіттерге тән спорт түрлері мен демалыс. Жігіттермен бірге отырып футбол көру, физикалық күшті талап ететін ойындар ойнау қыздарға жарасады деп ойлайсыз ба? Бастапқыда да жігіттерге қызының спортқа қабілеті бар екені ұнайтыны рас. Алайда олардың болмысы үнемі нәзік аруды іздеп тұратындай етіп жаратылған.
4. Құрбылардың жоқтығы. Қыздар арасында ғана айтылатын әңгімелер болады. Сыныптасыңыз немесе әріптесіңіз құрбыңыздың орнын баса алмайды. Мұнымен қатар, осы әрекетіңізбен сүйіктіңізді өзіңізді қызғануға мәжбүрлейсіз.
5. Өзіне уақыт бөлмеу. Өзіңізге және қыздарға тән болмашы дүниелерге уақыт арнаңыз. Әрине, жалақыңызды толықтай болмашы дүниеге жұмсаңыз демейміз. Ай сайын 1 000-2 000 теңгеге маникюр жасатып, қасыңызды ретке келтіріп тұруыңызға болады.
6. Өзіне күтім жасамау. Нені меңзеп тұрғанымды мен айтпасам да, біліп тұрған шығарсыздар.
7. Шығармашылықпен айналыспау. Әр бойжеткен өзіне ұнайтын іспен айналысуы тиіс. Ол гүл отырғызу, интерьерді жөндеу және альбомға сурет салу болуы мүмкін.
8. Көп адаммен араласу. Досы көпті жау алмайтыны рас. Алайда қыз балаға кім көрінгенмен сөйлескен жараспайды. Ол өзін сыйлап, қатты жақсы көретін адамдармен ғана сөйлесуі тиіс.
9. Басқаруға ұмтылу. Бойжеткендердің басқару қабілеті мықты екені рас. Алайда мұны іс жүзінде көрсетіп жатудың қажеті жоқ. Себебі табиғи болмысымызға кері әсерін тигізеді. Бойжеткен бар болғаны өз ерін жақсы іс жасауға шабыттандырып тұруы қажет. Қиындықтың барлығын сүйіктіңізге тапсырыңыз.
10. Шектен тыс қоғамдық белсенділік. Әдетте желілерден бойжеткендердің түрлі шараға қатысып, көп сурет салатынын көреміз. Бұл оларға махаббат сезімінің жетіспейтіндігін көрсетеді. Сол себепті қоғамдық жұмыстарды екінші орынға ысырыңыз.
11. Шалбар кию. Шалбардың ерлер киімі екенін жақсы білетін шығарсыз. Гардеробыңызды қайта қарап, жарасымсыз киімдерді ауылдағы туысқандарыңызға беріп жіберіңіз. Ер адам сіздің киіміңіздің бағасына мән бермейді, оның сізге жарасымды әрі таза болуына ғана назар аударады.
Нәзіктік - біздің басты қаруымыз екенін ұмытпаңыз!