«Әйел құлағымен сүйеді» деген сөз тегін айтылмаса керек. Орынды әзіл, сыпайы мақтау әйел затының қай-қайсына да ұнайтыны анық. Әдемі мақтаулардан мысал келтіріп көрелік. Мұны оқыған жігіттердің алда-жалда бағы ашылып жүре берсе, таңдана көрмеңіз.
Жігіт: Маған сен, мен сені әлемдегі екінші бақытты адам етуге тырысамын.
Қыз: Екінші? Неге бірінші емес?
Жігіт: Сен мендік болсаң, әлемдегі ең бақытты адам мен боламын ғой.
***
Жігіт: Маған телефоныңды бере тұрасың ба?
Қыз: Оны не істейсің?
Жігіт: Шешеме телефон шалып, әлемдегі ең сұлу қызды көргенімді айтайын.
***
Қыз: Неге сонша тесіліп қарайсың, ұялтып жібердің ғой?
Жігіт: Таңғажайып сұлулықтан ләззат алу менің мәңгілік мінезім.
***
Жігіт: Қарындас, әурелейтін болдым?
Қыз: Айта беріңіз.
Жігіт: Жұмыстан қалжырап, көңіл-күйім құлазып жүр еді. Естуімше, сұлулардың күлкісі барлығын өзгерте алады екен. Маған қарап бір рет күліп қоя аласыз ба?!
***
Жігіт: Қатты шаршаған шығарсыз?
Қыз: Неге?
Жігіт: Өйткені, менің миымда біраз күннен бері айналып жүрсіз.
***
Жігіт: Сізден жол сұрайын деп едім.
Қыз: Қайда?
Жігіт: Сенің жүрегіңе.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com