- Негізгі бет
- Психология
- Қыздарға кеңес: жігіттің...
Қыздарға кеңес: жігіттің құпия сезімі
Жігіттер қауымы махаббатқа келгенде сараң келеді. Қыздардың сезімі нәзік келетіндіктен, жігіттерге қарағанда ұяң болады. Сезімді тез қабылдап, көңілге алады. Ал жігіттер жағы жігіттіке салып, өзінің сезімін кейде білдірудің орнына намысына сеніп, бәрін кейінге қалдырады. Дегенмен жігіттердің қыздар байқамай қалатын құпия сезімдері болады. Ол қалай?
Жігіттің сізді ұнататын жасырын белгілері:
1. Сізбен сөйлескен кезде ол өзін мақтауға тырысады, өзінің шынайы екенін алға тартады.
2. Ол сізбен жиі сөйлескісі келеді. Егер жігіт бірінші болып жазып, сізбен жиі сөйлесе бастаса, сезімі бар деп түсіне беріңіз.
3. Байқайсыз ба, жігіт сөйлесіп келе жатып сізге қараумен болады. Ал сіз оған қараған кезде көзін тайдырып әкетеді. Бұл да олардың құпия сезімдерінің бір белгісі.
4. Ол сіздің кез келген әзіліңізге күледі.
5. Жігіт өзінің табиғатына жат ойындармен сіздің көңіліңізді табуға тырысады.
6. Жігіттің сезімін өзінен бұрын жанындағы жолдастары бірінші байқайды, оны айтып ыңғайсыз жағдайға қалдырады. Осы сәттерді ескеріп жүріңіз.
7. Ол сіз жайлы ақпарат жинай бастайды.
8. Көпшілік ортада түсініспеушілік туса, ол сіздің жағыңызға шығады. Сізді қорғаштайды.
9. Сізбен көп уақытын өткізуге тырысады.
10. Жігіт сізге көмек қолын созуға ұмтылады. Бәлкім ол кішкентай дүниені көтеру немесе көңіліңізді аулау болар, бастысы ол сіз үшін бәрін жасағысы келетінін көрсетеді.
Бұл аталған 10 белгі қазір қасыңызда жүрген, сіз «дос» ретінде бағалайтын жігіттің бойында бар болса, оның шынайы сезімін шығару үшін жан дүниесімен сөйлесіп көріңіз. Ол оп-оңай. Сырласыңыз, жанынан табылыңыз, әңгіме-дүкен құрыңыз.