Ұлыбританияның зерттеушілері бүгінде көптеген аспект бойынша қыздарға қарағанда, ер адамдардың бақытты күй кешетінін анықтаған. Бұл туралы Daily Telegraph жазыпты.
Benenden Health ұйымының тікелей мұрындық болуымен ұйымдастырылған зерттеу нәтижесі бойынша негізгі 12 өмір сүру аспектінің жетеуі «бақыт көрсеткішіне» байланысты болып шыққан. Осы аспектілердің тізімі былай: жалақы мөлшері, сырт-келбет, жұмыстағы шен, өзге адамдармен қарым-қатынас, дене салмағы, жалпы қаржылық жағдай және жұмыспен қамтылу кепілдігі.
Әйел адамдар еркектерге қарағанда махаббат, интимдік өмір, денсаулық жағдайы және тұрғылықты жер секілді аспектілерде бақыттырақ екен. Орташа есеппен, зерттеу нәтижесінің қорытындысында айтылғандай, өз өміріне көңілі толатын еркектердің үлес салмағы Ұлыбританияның 64 пайызы болған.
«Қолайсыз ауа райы, пессимистік экономикалық болжам, қаржылай қысылу секілді аспектілер ауыр тисе де, Ұлыбританияның адамдары өздерін көңілді ұстайды» - дейді Benenden Health зерттеушісі Пол Кинан.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: stihi.ru