- Негізгі бет
- Психология
- Қыздардың түрлері...
Қыздардың түрлері
Адамдар айналасындағыларды топтарға бөліп, саралағанды жақсы көреді. Алайда бұның пайдасы да бар. Ол эстетикалық талғамды жоғарылатып, жақсы мен жаманды жылдам айыруға көмектеседі. Кей кездері керісінше адамдарды бірден топқа жіктеп қойып, олардың дара ерекшеліктерін байқамай жатамыз. Шындығында адамдарды топқа бөлуге болады. Олардың кейбіреулеріне қалай жақсы әсер қалдыруға болатындығын қарастырайық.
1. Нәзік жанды ару
Бұл типтегі қыздар ұялы телефондарын күлгін түсті тыстармен қаптап, сән әлемінен сыр шертетін түрлі журналдарды оқиды. Алайда олар да бұзақы жігіттермен достасып, ұлдарға тән спорт ойындарын ойнап, терең ойға қалдыратын музыкалар тыңдай алады. Оларды таңғалдыру басқаларға қарағанда қиындау.
Олар онсыз да майда құбылыстарға таңғалып үнемі «уау», «күшті ғой» деген сөздерді айтады. «Челсидің Барселонаны дәл осылай жеңгеніне сене алмаймын» деген секілді сөздерді есту қиын.
Бұл типке жататын нәзік қыздарды құрбыларына деген жылы ілтипатпен таңғалдырып, сұрақ қойып, жауабын жалықпай тыңдай білген дұрыс.
2. Еңбекқор қыздар
Осы күндері қыздар қауымы да ер адамдардан қалыспай, мансап жолына түсіп, алдарына айқын мақсаттар қоя біледі. Бұл қабілеттері ер адамдарға да ұнайды. Алайда кей кездері жұмысбастылықтарының арқасында сүйіктілері екінші орынға түсіп қалып жатады. Әрине, егер бар болса. Ең болмаса, қарым-қатынастың алғашқы уақыттарында осылай болатындығына бой үйрете берген дұрыс.
Демалысын жұмыста немесе үйде отырып жұмыс істеу арқылы өткізеді. Олардан «Кішкентай кезімнен тойымның осылай өткенін армандаушы ем» деген сөздерді күтпеңіз.
Оны өз жұмысыңызға деген ерекше қызығушылығыңызбен таңғалдыра аласыз.
3. Үй шаруасына икемді қыздар
Жастайынан үй шаруасына икемделіп, үйдегі жылылықты сезініп өскен қыздар «болашақ өмірлері» жайында көбірек ойлайды. Кез келген тағам түрлерін дайындап, көп балалы отбасы болуды армандайды. Болашақта балаларын мектепке апарып, оларды жаңа өмірге қалай үйрететіндіктері жайында көбірек айтады. Бұндай қыздардан жақсы ана, керемет жар шығады.
Демалысын азық-түлік сатып алу секілділерге арнайды. Ол қыздарды жаттығу залынан кездестіру мүмкін емес.
Үй шаруасына икемді қыздарды қиялға толы романтикалық кешпен таңғалдыруға болады.
4. Драма-квин типіндегі қыздар
Көкірегін керіп, сүйіктілерімен жанжалдасқанды жақсы көретін қыздарды кей жерлерден байқауға болады. Олар үшін махаббат ұғымының мәні аса маңызды емес. Жанында дәл осындай мінездерін көтере білетін ер адамдар болса болғаны. Драма-квин типіне жататын қыздар көздерін алартып, «соңғы жаңалықтарды» талқылағанды жақсы көреді. Талқылай отырып, қолдарын ары-бері сермеп сөйлейді.
Демалыс күндерін әлеуметтік желілерде жаңалықтарымен бөлісумен, жастар көп жүретін ойын-сауық кештерінде өткізеді. «Мынау неткен нашар еді!» деген сөздерді жиі айтады.
Бұндай қыңыр мінезді қыздарды өзінен аса өркөкіректік танытып, қажет кезде оны орнына қойып қоюмен таңғалдыруға болады.
5. Еркекшора қыздар
Бұндай типтегі қыздарды да күнделікті өмірде кездестіруге болады. Олар қыздар қауымымен араласқанды ұнатпайтындығын айтып ақталып, ұлдардың жанында көбірек жүреді. Бұл қулық әрекет емес, табиғи жаратылысынан болуы мүмкін. Олар өте ақылды, ойлары ұшқыр, күле білетін, күлдіре білетін, бір сөйлеммен футболдың барлық ережелерін түсіндіре білетін ерекше жандар. Алайда қыз баланың құрбысының жоқтығында бір сыр бары анық...
Букмекер секілді жерлерге барғанды ұнатады. Йога жаттығуларынан кездестіру мүмкін емес.
Бұндай қыздарды гитарада айтылатын өлеңдермен, кинодағы есте қаларлық қанатты сөздермен таңғалдыруға болады.
Адамдарды бірден осы секілді топтарға бөліп, бір типтегі қасиет екіншісінде кездеспейді деген ой тумауы керек. Бұл мамандардың ұзақ зерттеулер арқылы алған орташа сипаттамалары.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: kiwi.kz, vk.com
Қ. Бүйенбай