Қыздардың тілі. Сүйетініңді білемін

Кеше редакциямыздың жігіттері қыздардың тілін толықтай меңгеріп алдық деп мақтанып тұрып жазған мақаласын оқып шығып, олардың қателесіп тұрғанын беттеріне айтқымыз келіп тұр. Иә, мүмкін кейде біздер нәзік жандылар бір нәрсені айтып тұрып, екінші дүниені ойлап тұруымыз мүмкін.  Бірақ біздің көбінесе айтып тұрған сөзіміз ойымызбен сәйкес келеді. Келмеуі мүмкін емес. Жігіттер айтып жатады ғой, табиғатымыз сондай деп. Ойлаған нәрсені тіке айтпайды деп, иә кейде жұмбақтап та айтамыз. Неге деген сұрақ туындауы мүмкін бұл сәтте. Бәрі тым оңай. Бәрін тіке айтып тастасақ, несімен қымбат болады нәзік жан? Жігіт деген қыздың ойын - жасырылған жұмбақтың шешімін тапқандай шешуі керек емес пе? Иә, бұл пікірмен жігіттер де  іштерінен келіссе керек. Ал енді кейбір сөздерімізге түсіндірме беріп жіберсек.  Жігіттер құлақ түріңіздер.

 

Иә - 

                 Мүмкін. Сәл табандылық танытсаң "иә" деп жауап беремін.

   Жоқ -

                 Жоқ дедім ғой.

   Мүмкін... -  

                     Бірінші пунктті қара!

Мен кінәлімін -

                     Менің кінәлі болып тұрғаныма шынымен де сенесің бе?

Бізге керек -

                     Маған керек болса да, барлығы біз үшін ғой! 

Білгеніңді істе - 

                      Шынымен де білгеніңді істесең, расында да жауап берерсің бір күні!

Біздің сөйлесуіміз керек - 

                             Арамызда түсініспеушілік пайда болды. Арызымды тыңдашы

Әрине, жалғастыра бер -

                               Ауызыңды жапшы! Бұған келісеміз енді! Жігіттер ренжімеңдер.

Мен өкпелі емеспін -

                      Өкпелесек, өкпеледік деп айтамыз, айтпасақ та бетімізден көрініп тұр ғой!

 
Суретті мына жерге ілші -

                      Мына жерге дедім ғой, әй білгеніңді істеші!

Мені сүйесің бе? - 

                    Сүйетініңді білемін. Тағы бір рет айтсаң артық болмас. Саған қиын емес қой.

  Мені қатты жақсы көресің бе? -

                                     Алдындағы пунктті қара.

  Күте тұршы, бес минуттан соң шығамын - 

                                      Сәл кешігіп қалсақ, ештеңе етпес. Бір сылтау табамыз!



P.S. Жігіттер, жалғастыра берейік пе?

Сурет litcetera.net