Мына, біздер, Массагеттің жігіттері жас болсақ та, өмірден талай нәрсені көріп тастадық. Көп көргеніміз соншалық, қыздардың не туралы айтып жатқанын біле алатын дәрежеге жеттік... Кәдімгідей қыздардың тілін үйреніп алдық. Құрметті жігіттер, олардың сөзі бір басқа да, ойы бір басқа екенін бұрын білмедіңіздер ме? Ежелден бұл қауымның табиғаты сол, ойлағанын тура айтпайды ғой. Қиыннан қиыстырып сөйлегенде алғашқы ғарыш кемесін жасап миы айнала жаздаған Королевтың өзіне қызыға қарайтын боласыз.
Кейде: "Осы қыздар неге бәрін күрделендіре береді? Неге өз қалауын тіке айтпайды? Сонда бәрі түсінікті болып, өміріміз жеңілдер еді", - деген секілді ойға батамыз...
Жарайды, көп созбаламайық. Атам қазақ: "Білгеніңді білмегенге үйрет", - демей ме? Енді осы ілімді сіздерге де үйретіп, қыздардың теріс логикасын әшкерелесек деп отырмыз.
Төменде сүйікті аруларымыздың сөздерінің шын мағынасы берілген. Яғни, әр сөзі арқылы бұлар шынығында не айтқысы келгендігін біле аласыз. Олай болса кеттік. Қыздардың сөздігі:
Жоқ
Иә
Жоқ
Әлі-ақ өкінерсің!
Маған керек
Осы үшін жауап берерсің бір күні!
Менің арыз айтуым керек
Ауызыңды жапшы!
Әрине, өкпеледім, ақымақ!
Менің жаңа үйге көшкім келеді
Үйге жаңа кілем, жиһаз керек. Сосын түсқағазды
ауыстыру керек.
ЖОҚ, мына жерге деймін!
Сенен қымбат бірдеңе сұрайын деп тұрмын
Мен бүгін бірдеңе бүлдіріп қойдым
Аяқ киіміңді шеш те, теледидардан
қызықты бірдеңе іздей тұр
P.S. Қыздар, жалғастыра берейік пе?
сурет: www.zastavki.com