Қыздардың таңдауындағы жігіттер қандай?

Қыздардың таңдауындағы жігіттер қандай?

Махаббат - бұл кез келген дәуірде, өнерде, дінде, философияда басты тақырып болып келді және мәңгі солай болып қала бермек. Махаббат - сөзбен жеткізуге келмейтін ғажап сезім бола тұра, әлемдегі ең қатал үкім. Әрине, бұл сөз барлық романтиктер мен ғашықтарды таң қалдыратыны сөзсіз. Алайда ғашықтықтың да өзіндік талаптары бар. Әдеттегі махаббат отының жанбай жатып, отқа су құйғандай өшіп қалуы де осыдан. Психология бұл жолы да осы мәңгілік мәселені айналып өте алмады. 

Жалпы махаббат - ол екі ғашықтың бір-біріне деген ыстық сезімі, алайда махаббат деген сонымен қатар, екі ғашықтың бірін-бірі бақытты қылдыра алуы. Бірақ, өкінішке орай кейде қазақтың қыздары осыны ұмытып кететіндей көрінеді. Дегенмен есте сақтау қабілеті тым жақсы массагеттіктер бүгін сүйіктелерін бақытты қылдырудың жолдарын ұсынбақ. Сонымен кемеліне жеткен ханымдардың құлағына алтын сырға. 

Негізі еркектер аса талапшыл емес, әсіресе қазақ жігіттері. Оларды ең бақытты қылдырудың ең оңай әрі ең басты жолы: еркектің қарны тоқ, көйлегі көк болса, болды. Дегенмен қыздардікі де аса қиын емес. Нәзік жандыларды бақытты ету үшін жігіттер тек: 

1) дос
2) аға
3) оқытушы
4) аспазшы
5) сантехник
6) механик
7) стилист
8) психолог
9) терапевт
10) ұйымдастырушы
11) батыл
12) ұқыпты
13) сыпайы
14) мейірімді
15) жомарт
16) жұмсақ
17) қамқоршыл
18) мәдениетті
19) білімді
20) әзілқой
21) тапқыр
22) батыр
23) түсінігі бар
24) көнгіш
25) шыдамды
26) бай
27) сенімді болса

және:
28) жиі комплимент айтуды
29) базар аралауды
30) тырнақ астынан кір іздемеуді
31) қыздың ашуын келтірмеуді
32) басқа қыздарға қарамауды ұнатса,

Сондай-ақ: 

33) қызғаншақ емес
34) қызға көп уақыт бөле алатын жігіт болса,

Және де: 

35) ешқашан: 

* туған күндерді
* алғашқы кездесуді
* қанша уақыт кездесіп жүргенін ұмытпаса, жеткілікті деп есептейді қыздар. Алайда бұл тек қыздардың ғана есептеуі, мейлі жігіт осы 35 ереженің барлығын орындады делік, бірақ сонда да  бұл қыздың бақытты болуына кепілдік бермейді.

Сурет: favim.ru

Ж. FM