Қыздардың жігіттерге ұнамайтын 6 әдеті

Қыздардың жігіттерге ұнамайтын 6 әдеті

Жігіт пен қыз қарым-қатынасына байланысты әр түрлі ережелер, жағдайлар бар. Қыздар жігіттерді, жігіттер қыздарды түсіне бермейтін сәттер көп кездеседі. Жігіттерге қыздардың көптеген қылықтары ұнамайды. Ол қандай қылықтар екен? Қыздар ондай жағдайларда не істеу керек?


1. Кешігу. Бұл әдеттің жігіттерге ұнамай кеткені соншалық, олар кешігу туралы тіпті қалжыңдап та айтқысы келмейді. Кездесуге жиналу үшін қыздарға жігіттерге қарағанда көбірек уақыт керек. Сондықтан, жиналуды ертерек бастаңыз. Кездесуге шығатын уақытты белгілеп алып, таймер қосып қойыңыз. Ол уақытқа дейін сізді мазаламауын өтініңіз. Таймер белгіленген уақыттан 10 минут бұрын ойнаса тіпті жақсы. 

2. Айтқанын істету. Жылау, жанжал және бопса секілді айтқанын істетуге бағытталған әрекеттер жігіттерді қатты ашуландырады. Мұндай қылық бар жерде сезім әлсірей бастайды. Сондықтан, келіссөздер үстеліне отырып, қалыпты жағдайда: "Маған сенің көмегің керек, өтінем, мен үшін мынаны істеші" деп айту керек. Осындай тондағы өтініштер жігіттерге көбірек ұнайды. 

3. Ұмытшақтық. "Сен сондай бейқамсың", "Ештеңені есіңе сақтай алмайсың" деген сияқты сөздерге ашуланбаңыз. Егер қарым-қатынастарыңыз ұзақ уақыттан бері жалғасып келе жатса, онда өздеріңізді болашақ отбасымыз деп ойлап, әрқайсыңыз  өз міндеттеріңізді атқарғаныңыз дұрыс. Отбасында әйелдің алатын орны ерекше, сондықтан, қазірден бастап дайын болу керек.


4. Сөзді бөлу. Жігіт сөйлегенде сөзін бөлу немесе сүйікті бағдарламасын көріп отырған кезде алаңдату – бұл екі әдет бірдей деңгейде ашуландырады. Бұндай жағдайда оған сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік беру керек.

5. Жеке кеңістікті бұзу. Кей кездерде қыздар жігіттер талқылағысы келмейтін мәселелерді айтып, оны әңгімеге тартуға тырысады. Мысалы, оның жұмысында болған жанжал, достарымен балық аулауға барғанда айтылған әңгіме деген сияқты. Мұндайда кейбір әңгімелер талқылауға келмейтінін есте сақтау қажет. Сіздің де ешкімге айтқыңыз келмейтін әңгімелеріңіз бар екені белгілі. Сондықтан "тыйым салынған" ақпаратты білу сіз үшін өте маңызды болса, түсіндіріп көруге тырысыңыз. Ары қарай жігітіңіздің шешіміне байланысты. 

6. Дауласу және "үшінші жақты" қосу. Дәлелдер таусылған кезде қыздар "үшінші жақтан" көмек іздей бастайды. Жігіттің ата-анасы немесе достары оның ойын өзгерте алады деп ойлайды. Бұл дұрыс емес. Мұндайда "үшінші жақ" ретінде тек тәуелсіз ақпаратты ғана алуға болады. Мысалы, демалыста қайда бару керек екенін шеше алмай жатсаңыздар, ғаламторды пайдаланған ыңғайлы болады. 

Дайындаған: Гүлнұр Бақытбекова

Сурет: kofan.com

Г. Бакытбекова