Кейбір арулар косметикалық заттарсыз бір күн де өмірін елестете алмайтындай болады. Бірақ ерте ме, кеш пе, сүйіктіңіз сіздің бояусыз бейнеңізді көреді ғой?.. "Бетпердеңізді" қашан шешесіз?
Зерттеу нәтижесінде әйелдердің 80%-ы жігітпен жүре бастаған алғашқы айда өз бейнесін бояумен жасырып жүретін көрінеді. Ал 17% ханымдар 2 айдан соң, 16% - 6 ай, 8% - бір жылдан кейін ғана "бетпердесін" шешеді екен.
Мынаған қараңыз, әйелдердің 3%-ы өз жұбайының көзіне ешқашан да макияжсыз көрінбейді екен.
Әлемде әрбір үшінші әйел өз күйеуіне әдемі болып көріну үшін таңертең тұрып, айнаның алдына жайғасып боянуға кіріседі. 60% әйелдер түнде де сұлу болып көріну үшін ұйықтарда бояуын жумай жатады. Ал 20% әйелдер қауымы қарым-қатынастың алтыншы айына дейін жатар кезде макияжын дұрыстап әуре болатын көрінеді.
68%-ды құрайтын әйелдер өздерін макияжсыз ауру адамға ұқсатады екен. Ал 30%-ы боянып өз-өзін ретке келтіру үшін жер таңдамайды. 25%-ы макияжсыз көшеге не дүкенге шығуды ұят санамайды.
Ал жұмысқа боянбай келетін әйелдер 27%-ды құрайды екен. Олардың 5%-ы кездесуге бояусыз шыққанды ар санайды.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: mail.ru