«Сізге қандай жігіттер ұнайды? Қорған бола аларлық па, әлде әдемі ме?» деген сауалнамаға қыз балалардың көп бөлігі қорғаны бола аларлық жігіттер қызықтыратынын, қалайтынын айтыпты.
Бұл Ресей қыз балаларының 33 пайызы екен. Ал қосымша жауап ретінде қыздар жігіттердің бойынан қайырымдылықты, білімділікті, тәрбиелілікті, шыншылдықты, жауапкершілігі бар болуын қалаған болып шықты. А біздің санамызда қалып қойған сән туралы ойды қыз балалар ең соңғы қатарға қойған.
Сонымен қатар, сүйікті адамына адал жігіттер де сұраныста екені анықталған. Бір қызығы, қыз балалар жігіттердің зиянды әрекеттерге бармауын тіпті де атамапты. Әдемі әрі сәнді киіну керек деушілердің саны онға да жетпеген.
Сол аз ғана нәзік жандылардың жасы 18-24 аралығында болған екен. Ал 25-34 жастар аралығындағы әйел адамдар бірінші орынға нақты түрде қауіпсіздікті қойған. Ал одан кейінгі жастағылардың көп бөлігі ер адамның жұмыс жасай алу-алмауын бағалайтын көрінеді.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: vk.com