Жалпы қыздар қауымы атақты журналдардан көрген суреттерге есі кетіп жатады. Редакция арулары да осы топтың құрамында. Негізі ода тұрған ештеңе жоқ. Бірақ бір күні қолымызға түскен журналды көріп, ойымыз мүлдем өзгеріп кетті. "Не сұмдық?", - деп өз көзімізге өзіміз сенбей тұрып қалдық.
Иә, көріп тұрғандарыңыздай, қыздардың өтірігі ғой, адам сенгіз... Бұл суретті voxpopuli.kz сайтынан көргенімізде таң қалдық, бір жағынан қыздардың өтірігіне іштей күйіндік те. Оқып отырған мақаланы жазу да осыдан басталды. Жігіттердің басын қосып, бас сала ғаламтор беттерін ақтардық. Ана сайтты, мына сайтты әйтеуір көзге түскен барлық нәрсені ақтарып, шарладық. Әрине, "іздеген - табар" дейді ғой, таптық. Не таптыңдар дейсіздер ғой? Қазір бәрін түсіндірем...
Беттіріне тонна-тонна бояу жаққан атақты Голливуд жұлдыздарын таптық. Оның ішінде сұлулығына бүкіл әлем "сынып" жүрген Джулия Робертс, Рианна, Камерон Диаз т.б. жүр. "Өздерінше болып жүргендері не теңі, түрлеріне қарап алмай ма?.. Сұлулық символдары дегеніміз осылар ма?" - деп іштей түңілдік. Қыздарды қойшы, жігіттерге осы қыздар ұнаушы еді.
Ұлы сөздің ұяттығы жоқ әрине дегенмен неге қазақ қыздары шаш бояғанға шебер, әсіресе сары түске?
Жарайды, құдайдың берген шаш түсі ұнамайды екен, бірақ неге сары түске? Басқа түс табылмай қалды ма? Мұны айтып отырған себебіміз, қайда қарасаң да сары түс. Әлде жүйкеңіз шыдамай шашыңыз ағарудан бұрын күйіп кетті ме? Қанша ойлансақ та әйтеуір бір шешімге келе алмаған біз (жігіттер) мүмкін 2030 модасы шығар деп қойдық.
Екінші, жұлдыздардың боянудан бұрын және боянудан кейінгі кейіптерін көргеннен соң макияж бен шаштаразшылардың ісі - ұлы іс екенін түсіндік. Шынымен де макияжсыз не болмаса сәнді шашсыз қыздарды танымай қалуға болады. Осы жерде қыздарға айтарымыз, егер де дұрыс бояна алмасаңыз онда мүлдем боянудың қажеті жоқ. Тегі қырсығып жатсаңыз бояныңыз, бірақ өтініш олай тек хэллоуин күні жасаңызшы.
Үшінші, қыздар құдай үшін қызыл түсті далап қолданбаңыздаршы. Дөрекі айтқанымызға кешірім сұраймыз, бірақ қызыл түсті далап қолданбастан бұрын, ең алдымен күніне 2 рет тіс тазалап үйреніңіздерші. Естеріңізде болсын, қызыл түс қолдану (мейлі көйлек болсын, мейлі далап болсын) үлкен қауіп-қатер, бір жағынан үлкен батырлық. Батыр боламын деп мазақ болып қалмасаңыздар болғаны.
Төртінші, қыздардың "крем-пудра" деген косметикалары да бар екенін білдік. Қыздардың түсіндіруі бойынша бұл косметика бет кемшіліктерін түзеп, жібектей қылады екен. Шынын айтқанда, аталған косметиканың жақсы пайдаларын түсініп қалдық, бірақ соны дұрыс қолдана алмайтындарға не деуге болады? Немесе қолымызға сулы шүберек алып, үндеместен бес тонна крем жағылған бетін үйкелеп тұрып сүрту керек пе?
Бесінші, қыздардың кірпікке арналған сүрмені қолдануы. Иә, шынымен де әдемі көрінеді бұған дау жоқ. Реніш те шығар, білмеймін, бірақ киноға мелодрама көруге апара алмайсың. Мелодрамадан басқа фильм көрейік десең тағы болмайды. Фильмнен соң түріне қарасаң түрден-түр қалмаған, жылағаннан бетіне күйе жағылғандай шығып келе жатады. Әне, айттым ғой, тағы бізді топас дейсіңдер деп ішіңнен өз-өзіңе тіл қатып келе жатасың. Айтпақшы, қыздардың жалғанбалы кірпік жабыстырып алатындарын айтсайшы, өздерінше ботакөз болмақ кейіптері ғой. Осы жерде жігіттерге кеңес: сондай сәтте күйіп-жансаңдар да үндемеңдер, дымдарың іштеріңде болсын.
Осы пункттерді қорытындылай келе, әлі түсінбегеніміз, соншама қаржы мен уақыт жаратудың не керегі бар? Алдағы уақытта таңдағаныңыз бәрібір сіздің табиғи келбетіңізді көреді емес пе? Сонда сіз де, ол да өкініп қалудан қорықпайсыз ба? Француздар айтқандай "ең әдемі макияж - көрінбейтін макияж", сондықтан бетті шаршатып, тонналап бояу жағудың мүлдем қажеті жоқ.
P.S. Егер де сіздің жеке стилистіңіз болмаса, Голливуд әртістеріне ұқсап бағудың керегі шамалы.
Форумда талқылау
Суреттер voxpopuli.kz, open.za, blogspot.com сайттарынан алынған