- Негізгі бет
- Психология
- Қыздар неге ашуланады?...
Қыздар неге ашуланады?
Әйелдер қауымы ер адамдарға қарағанда көп нәрсеге көңілі толмай, тырнақ астынан кір іздегенге құмар. Кейде олар өздерінің не үшін ашуланып, не үшін шеке-басы тырысқанын өздері білмей дал болады. Ал енді кейде болмашы нәрсеге қабақ шытып, болмашы нәрсеге балаша қуанады. Жалпы, қыздар қауымының шамына не тиеді?
* Қыздар жылағанда сүрмесі жағылып кетсе де ашуланады;
* Түзу шашты қыздар шашы бұйра болмағаны үшін, бұйра шашты қыздар шашы түзу болмағаны үшін ашуланады;
* Қыздар кеше ғана маникюр жасатып кеп, бүгін ыдыс жууға тура келсе де ашуланады.
* Қыздар қалай арықтаудың жолын білмей басы қатып жүрген кезде табан астында түнгі екіде қарны аша қалса да ашуланады.
* Қыздар өздерінің жанына не керегін білмей тұрған кезде де ашуланады.
* Қыздар сөмкелеріндегі жүз заттың ішінен шырылдаған телефонын табалмай жатса да ашуланады.
* Қыздар басын жумаған күні, шашын жинай салады. Міне, сол үшін де ашуланады.
* Қыздар бір жаққа баратын болса алдын-ала дайындалуға төрт сағат берілмегені үшін ашуланады.
* Қыздар құрбысының онымен ұрысуға құлқы болмағаны үшін де ашуланады.
* Қыздар жаңа ғана жуылған еденнің үстімен жүріп өтсең де ашуланады.
* Қыздар пышақтың жүзі өтпей қалғаны үшін де ашуланады.
* Қыздар дүкенде өз өлшемін таппай жүргенде жігітінің «бол, бол» дей бергеніне де ашуланады.
* Қыздар жігітімен ұрысуға сылтау таппаған кезде де ашуланады.
* Қыздар құрбысының үй жинап, тамақ жасайтын кезегі келген сайын туыстарының үйіне қыдырып кете беретініне де ашуланады.
* Қыздар жігітінің SMS-ке жауап қайтаруға ерініп, қоңырау шала салатынына да ашуланады.
* Қыздар кешкі отырысқа не киерін білмей, жиырма көйлектің бірін таңдай алмай отырғанда да ашуланады.
* Қыздар жігітімен кетіп бара жатқанда, қарсы беттен өзінен де көрікті қыздың шыға қалғанына да ашуланады.
* Қыздар дүкенге барып, киім киіп көріп жатқанда сатушының «Әдемі жарасып тұр» дей бергеніне де ашуланады.
* Қыздар жігітімен оңаша отырғысы келгенде, құрбыларының бірдеңе сұрағандай болып кіріп келе беретініне де ашуланды.
* Қыздар жуынып жатқанда, сабыннан көзі ашып кетсе де ашуланады.
А. Әбілхан