Қыздар жігіттерден нені жасырады? - 2

Қыздар жігіттерден нені жасырады? - 2
Фото: Руслан Weddingtv

Бойжеткендер өте сезімтал, ренжігіш, нәзік әрі батыл болады. Көңілдері Алматының ауа райындай құбылып тұрады. «Олар өздеріне не керегін білмейді» деп айтатын жігіттер де жоқ емес. Жігіттердің бұл сөзінің жаны бар ма, жоқ па білмейміз. Бар болғаны арада түсініспеушілік орнауынан сақтануға көмектесетін қыз құпияларын ашамыз. Оларды жадыңызда сақтаңыз.

Басы

21. Қыздар ашуланшақ жігіттерді жақсы көреді. Алайда олармен тығыз қарым-қатынаста болғысы келмейді.

22. Қыздар техникасын жөндеп беруді өтінсе, бұл өтінішін қуана орындағаныңыз жөн. Біріншіден, беделіңіз жоғарылайды, екіншіден, олар техникадан қатты қорқады.

23. Қыздар бұрынғы сүйіктілерінің нөмірін сақтамауға тырысады.

24. Қыздар салмағы артқанын білсе, бір апта бойы көңілсіз жүреді.

25. Қыздар ойнап жазған смс-іңізді ғашықтық хаты деп қабылдайды.

26. Қызды кездесуге сағат 9-ға шақырсаңыз, ол 5-тен бастап жиналып, ақырында бәрібір кешігіп келеді.

27. Сізге сенетін қыз жаныңызда макияжсыз жүре береді.

28. Қыздарды базардан оңайлықпен шығару мүмкін емес. Олар қызылды-жасылды дүниелерге қызығудан жалықпайды.

29. Қыздар сіз сыйлаған гүлді ұзақ уақыт сақтайды.

30. Қыздар бірінші кеудешені, артынша шалбарды киеді.

31. Қыздар жігітінің қарны тоқ болғанын жақсы көреді.

32. Қыздың барлығы үйлену тойының қандай болатынын кішкентай кезінен ойластырып жүреді.

33. Олар әрбір детальға мән береді.

34. Қыздардың 90%-ы жаңа жігітті кездестірген сайын, оны болашақ жарым деп ойлайды.

35. Қыздар өздері әзірлеген тағамның сізге ұнайтынын немесе ұнамайтынын айтпасаңыз да байқайды.

36. Сүйіктісінен үнемі сыйлық күтіп жүреді.

37. Қыздар өздерінің сыртқы келбеті туралы жаман сөз айтқаныңызды ұнатпайды. Мұны қалжыңдап айтсаңыз да.

38. Олар сізге арналған сыйлықты 2 апта бойы іздеп жүруі мүмкін.

39. Қыздар ыдысты тамақ ішіп болған соң жуады. Ал жігіттер тамақ ішерде жуады.

40. Олар үнемі сізден жылы сөздер естігісі келеді.  

Қ. Бүйенбай