- Негізгі бет
- Психология
- Қыздар жан баласына...
Қыздар жан баласына айтпайтын 5 әрекет
Әрқайсымыздың ішімізде тек өзіміз ғана білетін құпиялар жатыр. Оны анамызға да, жақын құрбымызға да айтқан емеспіз. Айтпаймыз да! Сол әрекеттердің кейбірін ұсынайық. Ішінен өзіңді іздеп көр.
Жігітпен кездесуге барар алдында, айнаға қарап тұрып, қалай сәлемдесетініңді, не айтатыныңды, тіпті қалай отырып-тұратыныңды жаттығу жасағандай істеп көріп, бірнеше мәрте қайталадың. | |
Сенің тек қана отырыстарға, кештерге ертіп баратын құрбың бар. Ол жұртқа көрсетуге ұялмайтындай түр-келбетке ие. Бірақ оның өзіңнен әдемі болып киінгенін қаламайсың. Жігіттер оған емес, өзіңе назар аударса дейсің. Әрі оны басқа еш жерге ертіп бармайсың. | |
Құрбыңның сымбатты жігітімен сөйлесіп, қалжыңдасып тұрып, оның дәл сенің жаныңда жүргенін ойша елестетіп көрдің. Екеуіңнің қыз-жігіт болып жүргендеріңді, сосын тойды... | |
Жақында жұмыстан шығып кеткен әріптесіңнің тартпасында ұмытылып қалып қойған қымбат далабын ешкімге білдіртпей өз тартпаңа салып қойдың. | |
Бұрынғы жігітіңнің әлеуметтік желілердегі парақшаларына қайта-қайта кіріп, не өзгеріс болып жатқанын бақылап отырасың. Және көбіне өз атыңнан емес, басқа бір белгісіз атпен аккаунт ашып алып, сол аккаунтпен кіресің. Суреттерін көресің, жазбаларын оқисың... |
Өзіңді таптың ба? Ешкімге айтпа...
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: rjpooch.com, commons.wikimedia.org, automotive-seo.net, gayatri-pariwar-books.blogspot.com, forbes.com
Р. Роза