«Ромир» зерттеу холдингінің мәліметі бойынша, әлеуметтік желілерде 18 пайыз адам ғана жұмыс бабымен отырады екен.
Зерттеу холдингі зерттеуді 16-60 жас аралығындағы 1000 адамды бақылау арқылы зерттеу жасаған. Сонда мынадай мәліметтер тізімі жарияланыпты:
Интернет қолданушыларының 93 пайызы әлеуметтік желіге қарым-қатынас құру үшін кіреді. Ал 42 пайызы ақпарат-жаңалықтар үшін кіреді. Ер адамдар әлеуметтік желіде қыз балаларға қарағанда аз отырады. Мұны мамандар қыз балалардың сән, опа-далап маркетингімен айналысуынан деп түсіндіреді. Әлеуметтік желіге көбіне жоғары білімі барлар тіркелген. Ең танымал әлеуметтік желі «Вконтакте» болып отыр. «Ромир» зерттеуінше, 1000 адамның 79 пайызы осы желіде екен. Facebook пен Twitter-де көбіне ерлер отырса, өзге желілерде қыз балалар үстемдік құрған. Төрт мемлекеттің әлеуметтік желілерді таңдауы мынадай: АҚШ – Facebook, Twitter, Linkedin, Ресей – Вконтакте, Одноклассники, Facebook, Германия – Facebook, Twitter, Xing, Ұлыбритания – Facebook, Twitter, Linkedin. Әлеуметтік желілерді көп пайдаланатын елдерде ажырасу көп тіркелген. Блогерлердің 30 пайызы - жарнама агенті. Әлеуметтік желі қолданушыларының 15 пайызы аңду мақсатында пайдаланылады екен.Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: adme.ru