- Негізгі бет
- Психология
- Қыздар әлеуметтік желіде...
Қыздар әлеуметтік желіде көп отырады
«Ромир» зерттеу холдингінің мәліметі бойынша, әлеуметтік желілерде 18 пайыз адам ғана жұмыс бабымен отырады екен.
Зерттеу холдингі зерттеуді 16-60 жас аралығындағы 1000 адамды бақылау арқылы зерттеу жасаған. Сонда мынадай мәліметтер тізімі жарияланыпты:
- Интернет қолданушыларының 93 пайызы әлеуметтік желіге қарым-қатынас құру үшін кіреді.
- Ал 42 пайызы ақпарат-жаңалықтар үшін кіреді.
- Ер адамдар әлеуметтік желіде қыз балаларға қарағанда аз отырады. Мұны мамандар қыз балалардың сән, опа-далап маркетингімен айналысуынан деп түсіндіреді.
- Әлеуметтік желіге көбіне жоғары білімі барлар тіркелген.
- Ең танымал әлеуметтік желі «Вконтакте» болып отыр. «Ромир» зерттеуінше, 1000 адамның 79 пайызы осы желіде екен.
- Facebook пен Twitter-де көбіне ерлер отырса, өзге желілерде қыз балалар үстемдік құрған.
- Төрт мемлекеттің әлеуметтік желілерді таңдауы мынадай: АҚШ – Facebook, Twitter, Linkedin, Ресей – Вконтакте, Одноклассники, Facebook, Германия – Facebook, Twitter, Xing, Ұлыбритания – Facebook, Twitter, Linkedin.
- Әлеуметтік желілерді көп пайдаланатын елдерде ажырасу көп тіркелген.
- Блогерлердің 30 пайызы - жарнама агенті.
- Әлеуметтік желі қолданушыларының 15 пайызы аңду мақсатында пайдаланылады екен.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: adme.ru
А. Құлтай