- Негізгі бет
- Психология
- Қыз жүрегін жаулағыңыз...
Қыз жүрегін жаулағыңыз келсе...
Қыз баланың мінезі мен іс-әрекетін болжау қиын. Ситуацияға байланысты құбылып отырады. Жігіт болып, жүректерін жаулау да оңай емес. Бірі барлық гүлді ұнатса, енді бірі тек раушанды қалайды. Ал қалауын білмей тұрып, алғашқы кездесуге толық дайындықпен бару ешбір жігіттің қолынан келмейді десек те болады. Алайда уайымдамаңыз. Төмендегі сұрақтардың көмегімен алғашқы кездесуді қызықты өткізе аласыз.
1. Екі шын, бір жалған ақпарат айтуын өтініңіз. Артынша қайсысы жалған екенін тауып көріңіз.
2. Өзіңізді екі сөзбен сипаттай аласыз ба? Ол қандай сөздер?
3. Бүгінгі күніңіздегі ең маңызды оқиға деп нені айтар едіңіз?
4. Өміріңізде қателігіңізден сабақ алған кез болды ма?
5. Қандай жетісіктеріңізбен шын мәнінде мақтанасыз?
6. Балаларыңызға ең бірінші нені үйретер едіңіз?
7. Мен сіз туралы нені білмеуім керек?
8. Жеңіліс тапқаныңызды сезінген сәтте не істейсіз?
9. Сіз қандай жағдайда кешірім сұрамайсыз?
10. Қай салада танымал болғыңыз келеді?
11. Дәл қазір нені уайымдап жүрсіз?
12. «Біздің елімізде … болса, жастар мүлдем ажыраспайтын еді». Осы сөйлемді толықтырып көріңізші.
13. Айналаңыздағылардың өзіңіз туралы қандай ақпарат білгенін қалайсыз?
14. Өміріңізде қанша рет ғашық болдыңыз? Сезім сізге не үйретті?
15. Қандай жұмысты оңай атқара аласыз?
16. Мені қалай таңқалдыра аласыз?
17. Өзіңіз өзгелерге айтатын, бірақ орындай алмайтын кеңес бар ма?
18. Дәл қазір қаншалықты бақыттысыз? 1 мен 10 санының аралығында бағалап көріңізші.
19. Сүйіктіңізге бола қандай ақымақтық жасап көрген едіңіз?
20. Сіз кімсіз? Оптимист, реалист әлде пессимист?
21. Қандай сұраққа өтірік жауап қайыратын едіңіз?
22. Өміріңізде сізді өзгерткен оқиға болған ба?
23. Әлеммен тәжірибеңізбен бөлісу үшін 30 секунд берілсе, не істейтін едіңіз?
24. Неден қорқасыз?
Қыз баласы сезімтал, жүрегі нәзік келеді. Майда-шүйдеге мән беріп, сүйіктісінің өзіне қамқорлық жасағанын қалайды. Сондықтан әрдайым көңілді аулайтын сұрақтар қоюға қысылмаңыз.
Қ. Бүйенбай