Біз білетін әрі ескіріп қалған бір сөз бар. Ер адам өмірінде ағаш өсіріп, үй салып, бала тәрбиелеуі керек деген. Жалпы ұғымды қате деп ұйғарғанымыз емес, бірақ әркім өз шаруасымен айналыссыншы деген ниет қана. Ричард Хэлл деген әнші бар. Оның сөзі былай екен: «Жасаған ісің ғана саналмақ, ал қанша сөйлесең де өз еркің». Келісесіз бе?
Ендеше ер мен әйел не істеу керек?
Ер:
Әйелдің ісіне араласпаса, ұсақталмаса; Қыз балаға бірдеңе дәлелдеймін деп өзеуремесе; Қыздың қылығын бағаласа; Өмірдегі шын бағытын ерте бастан-ақ айқындаса; Материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілген болса; Әйелдің дайындаған тамағына сынмен қарауды ұмытса; Тыңнан түрен салып, күн өткен сайын жаңара түссе; Қыз баланы күлдіре, қуанта алатын қасиетін жетілдірсе; Пультті тек ер адамға ғана тиесілі дүние деп ұқпаса; Кем дегенде бір өнер саласында еңбек етсе; Өтірігінің нәтижесі жақсылыққа апаратын болса; Романтиканы түсінетін, талғамы биік, қиялы тау асса; Дауыс ырғағы, киген киімі, ісі ер адамға тән болса.Әйел:
Ердің ісіне араласпаса; Қылығымен-ақ дәлелдей алса; Ердің намысына тимесе; Астың кем дегенде 10 түрін жасай алса; Ерден бұрын ұйқыдан оянса; Ердің ісіне қарсы пікірді тек қолайлы жерде ғана білдірсе; Күлудің өзі өнер екенін ұқса; Әрқашан да айтылмаған құпиясы болса; Шынайылықпен өмір сүрсе; Адалдық танытса; Ешқашан зиянды әрекеттерге бармаса; Кекшіл болмаса; Қызғаншақ болмаса; Ер адам шығармашылығына кедергі келтірмей, керісінше, муза бола білсе; Тойымды болса (материалдық әрі рухани жағынан); Өтірікті кешіре білетін қасиет болса (мұнда да өтірік тек жақсылық үшін айтылатын болса); Дауыс ырғағы, киген киімі, ісі әйел адамға тән болса.Ал сіз қалай ойлайсыз? Ер мен әйелдің тағы да қандай істері болуы керек?
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: liveinternet.ru