- Негізгі бет
- Психология
- Қыз бен жігіт...
Қыз бен жігіт тең бе?
Осы сұрақты қойып алып, әлем болып екіге қақ жарыламыз-ау! Жарылмай қайтейік, бір-біріміздің намысымызды таптап, «сен төмен де мен төмен» деген сөздерден ғана тұратын атақты дебатымызды бастаймыз да кетеміз. Ал «Кім мықты?» деуден бұрын қыз бен жігіттің психологиясын, қоғамдағы орнын әзіл түрінде жеткізіп көрейік, келісесіз бе, жоқ па, ол жағы өз еркіңіз...
Егер жігіт өзге қыздарға қарайлап жүрсе – ол оның қанында бар, табиғаты сондай, тіпті сері!
Егер қыз өзге біреулерге көз тастаса – ол оның әлсіздігі, махаббатқа қырын қарауы...
* * *
Егер жігіт бай бола тұра кедей отбасынан шыққан қызға қараса – жігіттік, көзсіз батырлық!
Егер қыз бай бола тұра кедей отбасынан шыққан жігітке қараса – жолы болмаған...
* * *
Егер жігіт 30-да үйленбесе – қолжетімсіз, өте сәтті адам! Оны қарата алу тек ең сұлу қыздың қолынан келмек!
Егер қыз 30-да тұрмысқа шықпаса...
* * *
Егер қыздың көңіл-күйі болмаса – ол ұрысқақ, қырсық...
Егер жігіт көңіл-күйі болмаса – оған ешкім жолап, мазасын алмауы керек!
* * *
Егер қыз жұмыс жасаса – ол керемет сәтті адам!
Егер жігіт жұмыс жасаса – ол оның міндеті!
* * *
Егер қыз жұмыс жасамаса – ол үйдің тіршілігін бір өзі жасап, ақша тұрмақ, рақметті де дәметпейтін байғұс жан!
Егер еркек жұмыс жасамаса – бейшара...
* * *
Егер қыз мейрамханада тамақ ақысын төлемесе – жарасымды еркелігі ғой...
Егер жігіт төлемесе – қайыршы, надан, азаматтық тіптен жоқ!
* * *
Егер қыз өз-өзін таза ұстап, соңғы үлгімен киінсе – ерекше, қолжетпес, пысық адам!
Егер жігіт өзін таза ұстап, соңғы үлгімен киінсе – қызтеке!
* * *
Егер жігіт сөйлесе – оның айтары бар!
Егер қыз сөйлесе – ол тек сөйлескісі келеді...
* * *
Егер жігіт достармен көңіл көтерсе – жұмысы ауыр, бір ауық демалғаны дұрыс...
Егер қыз көңіл көтерсе – ол ар-ұяттан жұрдай!
Жеке адамда болмаса да, көпшілікте дәл осындай стереотиптер қалыптасқан. Айтарымыз да сол – біз бір-бірімізбен сынасуға, қарсы шығуға жаралған жоқпыз. Мұның барлығын да әзіл деп, ал өмірде тату-тәтті өмір сүрейік, достар...
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: rewalls.com
А. Құлтай