- Негізгі бет
- Психология
- Қыз бен жігіт...
Қыз бен жігіт жанарындағы әлем
Жігіттер үшін барлығы оңай, ал бойжеткендер үшін керісінше барлығы қиын. Мұның себебі неде екенін білесіз бе? Халықаралық күлегеш, спикер Марк Гунвор осы «мәңгілік сұрақтың» жауабын анықтауға тырысқан екен. Оның қолынан келген сияқты.
Ол жігіттерді шкафқа ұқсатты. Олар үшін барлығы ретімен, орын-орнымен тұрады. Мысалы, ата-анасы бір сөреде, сүйіктісі екіншісінде, жұмысы үшіншісінде дегендей. Автомобиль мен ақшаға арналған бөлек суырмалары да бар.
Жігіттер үшін бір өте маңызды ереже бар. Ол — бір сөрені ретке келтірмей жатып, басқаларына тиісуге болмайды деген ереже. Сондықтан жігіттер белгілі бір сұрақты талқылап отырған кезде, бір ғана сөрені пайдаланады. Ал бойжеткендердің жағдайы мүлдем басқа. Гунвор олардың миын алып шарға ұқсатады. Оның ішіне бәрі сияды және қанша «ой» салсаң да, жарылмайды. Сондықтан олар барлығын бір-бірімен байланыстырады: мектеп ЖОО-мен, ЖОО-жұмыспен, жұмыс жігітпен, жігіті балаларымен, балалары болашағымен байланысты. Ал мұның барлығын эмоция басқарады. Осының арқасында қыздар ештеңені ұмытпайды. Мысалы, қызыңыздың есінде бір нәрсенің қалғанын қаласаңыз, оны эмоциясымен байланыстырыңыз.
Жігіттерде керісінше, кейде тіпті басқа сөрелердің бар екенін де ұмытып кетіп жатады. Олардың бір құпиясы бар. Ол - «бос қорап». Көп жігіт осы бос қорапты ашып, рахаттанғанды ұнатады. Ал ол бос қорап ешкім жоқ, тыныш жерде ашылады.
Осыдан бірнеше жыл бұрын жігіттердің миында мұндай бос қораптың болатындығын Пенсильвания университетінің мамандары да мойындаған болатын. Өкінішке орай, бойжеткендерде мұндай қасиет жоқ екен. Олар демалып, табиғат аясында отырса да, бірнәрсені ойлап, алаңдап отыратын көрінеді.
Қ. Бүйенбай