Қыз бен жігіт болмысы қашанда жұмбақ. Қыз дегенде көз алдымызға нәзік, сұлу ару келсе, жігіт десе, қайсар, өжет ерді елестетеміз. Назарларыңызда қыз бен жігітке тән қылықтар туралы аз-маз әңгіме.
Қыздар:
Жалғыз махаббатқа сенеді; Жігіті артық сөзсіз қолынан ұстаған сәттерді ұнатады; Жарты сағат сайын сүйіктісінен смс хабарлама күтіп, телефонына үңіле береді; Кілт, қалта телефон, әмияндарын жиі жоғалтады; "Ұялып қызарып кеттің" дегенді естісе, одан бетер қызарып кетеді; Сағат 11:11 мен 22:22-де тілек тілейді; Ұйықтағанда ойыншық аю не қоянды құшақтап жатады; Қажет емес пакеттерді жинап, ас үй сөрелері оларға лық толғанда, не істерін білмейді; Мармелад аюларын жақсы көреді; Кейде телефонын әдейі көтермей, кейін "Кешір, қолым бос емес еді" деп өзінің жігітінен басқа да шаруасы бар екендігін көрсеткісі келеді; Қасында шаш әшекейі болмағанда, шашты көрінген нәрсемен қыстырып қояды (қарындаш, қалам); Сұрақты анық естісе де, оны қайталап сұрайды; Ерінін тістеп, жалай береді; Үйден шығып бара жатқанда, міндетті түрде айнаға қарап кетеді; Телефонын уақытты қарау үшін алып, не қарайын дегенін ұмытып қалады; Көліктердің әйнектері мен дүкендердің терезелерінен өзіне бір қарап өтеді; Телефонға «Тыныш» режимін қойып, смс-тың келген-келмегенін 10 рет тексеріп отырады.Жігіттер:
Қыздардың көз жасынан қорқады; Компьютерді жөндеп бере алады; Махаббат туралы фильм көруге анда-санда келісімін береді; "Сөйлесуіміз керек" дегеннен өлердей қорқады; Қырынғаннан кейін түрлері өздерінше бола қалады; Қыздың ішіне қолын қойғанда, аурудың бәрі басыла кетеді; Кейде қоңырау соғуды ұмытып кетеді. Әлде, сөйлескісі келмей ме? Әй, жоқ ұмытып қалады; Қыздың анасына ұнағысы келеді, ал әкесінен қорқады; Қыздарға көлік айдауды үйретеді; Қыста жұқа киініп алғанда, біртүрлі қызық ұрысады; Шампанды әдемі ашып, тастарды су бетінде секіре алатындай етіп лақтырады; Қыздарға сонша киімнің не үшін керектігін түсінбейді; Ұзақ хабарламалар жазғанды жек көреді; Кейбір нәрселер туралы жиі ойласа да, ешқашан ашылып айтпайды.Сурет: woman.ru