Қыз бен жігіт болмысы

Қыз бен жігіт болмысы

Қыз бен жігіт болмысы қашанда жұмбақ. Қыз дегенде көз алдымызға нәзік, сұлу ару келсе, жігіт десе, қайсар, өжет ерді елестетеміз. Назарларыңызда қыз бен жігітке тән қылықтар туралы аз-маз әңгіме. 

Қыздар:

  • Жалғыз махаббатқа сенеді;
  • Жігіті артық сөзсіз қолынан ұстаған сәттерді ұнатады;
  • Жарты сағат сайын сүйіктісінен смс хабарлама күтіп, телефонына үңіле береді;
  • Кілт, қалта телефон, әмияндарын жиі жоғалтады;
  • "Ұялып қызарып кеттің" дегенді естісе, одан бетер қызарып кетеді;
  • Сағат 11:11 мен 22:22-де тілек тілейді;
  • Ұйықтағанда ойыншық аю не қоянды құшақтап жатады;
  • Қажет емес пакеттерді жинап, ас үй сөрелері оларға лық толғанда, не істерін білмейді;
  • Мармелад аюларын жақсы көреді;
  • Кейде телефонын әдейі көтермей, кейін "Кешір, қолым бос емес еді" деп өзінің жігітінен басқа да шаруасы бар екендігін көрсеткісі келеді;
  • Қасында шаш әшекейі болмағанда, шашты көрінген нәрсемен қыстырып қояды (қарындаш, қалам);
  • Сұрақты анық естісе де, оны қайталап сұрайды;
  • Ерінін тістеп, жалай береді;
  • Үйден шығып бара жатқанда, міндетті түрде айнаға  қарап кетеді;
  • Телефонын уақытты қарау үшін алып, не қарайын дегенін ұмытып қалады;
  • Көліктердің әйнектері мен дүкендердің терезелерінен өзіне бір қарап өтеді;
  • Телефонға «Тыныш» режимін қойып, смс-тың келген-келмегенін 10 рет тексеріп отырады.

Жігіттер:

  • Қыздардың көз жасынан қорқады;
  • Компьютерді жөндеп бере алады;
  • Махаббат туралы фильм көруге анда-санда келісімін береді;
  • "Сөйлесуіміз керек" дегеннен өлердей қорқады;
  • Қырынғаннан кейін түрлері өздерінше бола қалады;
  • Қыздың ішіне қолын қойғанда, аурудың бәрі басыла кетеді;
  • Кейде қоңырау соғуды ұмытып кетеді. Әлде, сөйлескісі келмей ме? Әй, жоқ ұмытып қалады;
  • Қыздың анасына ұнағысы келеді, ал әкесінен қорқады;
  • Қыздарға көлік айдауды үйретеді;
  • Қыста жұқа киініп алғанда, біртүрлі қызық ұрысады;
  • Шампанды әдемі ашып, тастарды су бетінде секіре алатындай етіп лақтырады;
  • Қыздарға сонша киімнің не үшін керектігін түсінбейді;
  • Ұзақ хабарламалар жазғанды жек көреді;
  • Кейбір нәрселер туралы жиі ойласа да, ешқашан ашылып айтпайды.

Сурет: woman.ru

С. А