- Негізгі бет
- Психология
- Қыз бен Жігіт...
Қыз бен Жігіт
Назарларыңызға күнделікті өмірде көріп, кездестіріп жүрген қыз бен жігіт болмысындағы бірнеше айырмашылықты ұсынамыз.
Жігіт қызға ұнағысы келгенде, ақылды болып көрінуге тырысады. Ал қыз жігітке ұнағысы келгенде, зердесіз болып көрінуге ұмтылады. Жігіт бәсекелестерінің ішінен ақылдысының мүмкіндігі жоғары екендігін түсінгендіктен, ақылды болып көрінгісі келеді. Ал қыздар жігіт өзінің ақылдылығын көрсетемін деп тым қатты қиналмауы үшін ақылсыз болып көрінеді.
Жігіттер ешқашан сымбатты көріну үшін қолайсыз киім кимейді. Ал қыздар ешқашан әдемі емес киімдерді ыңғайлылық үшін кимейді. Естеріңізде болсын! Егер қыз жай әншейін ыңғайлылық үшін кие салдым десе, біріншіден, қылымсып тұр, екіншіден, оның талғамы жоқ.
Жігіттерде индукция проблемасы бар болса, қыздардың проблемасы - дедукция. Қыздардың логикасына жігіттер күліп жатады. Иә, қыздар ойлауды жалпыдан жалқыға көшіріп, нәтиже шығара алмайды. Сондықтан оларға кейбір нәрселерден ой қорытып, шешім қабылдау қиынға соғады. Жігіттер де жетісіп тұрған жоқ. Олар жеке жағдайлардан жалпы қорытынды шығара алмайды. Мысалы, одан туған күнге кешікпей келуді, уәде берген уақытта қоңырау шалуды өтінсе, ол саябақтағы кездесуге де уақытылы келу керек екендігін түсінбейді.
Жігіттер компьютерді қолдана алады. Ал қыздар компьютер қолдана алатын жігіттерді қолдана алады. Неге жігіттер қыздарға қарағанда компьютерді жақсы қолданатынын ешкім түсіндіре алмайды.
Жігіттерді қыздарға тартады, ал қыздарды жігіттерге. Қыздар жиналып алып, жігіттер жайлы өсек айтқанды ұнатады. Ал жігіттер қыздар жайлы тақырыптарды жиі қозғамайды. Қозғаса да, кекесінді ескерту айтпай кете алмайды. Сонда да, жігіттер қыздардың артынан жүгіреді, ал қыздар жігіттердің артынан жүгіреді. Түсініксіз, бірақ факт.
Қыздар жігіттердің ойлау қабілетін асыра бағалайды. Ал жігіттер қыздардікін жіті бағаламайды. Қыздардың интеллекті салыстырмалы түрде төмен болғанына қарамастан, олар жігіттерді жаулап алу үшін күрделі стратегия, қайта тәрбиелеу жұмыстарын жүргізе алады. Бірақ, өкінішке орай, бұл стратегиялар көбіне іске аспай жатады.
Сурет: mail.ru
Ж. FM