- Негізгі бет
- Психология
- Қыз арманы...
Қыз арманы
Қыздар... Сондай түрліміз... Жаспыз, данамыз, ақылдымыз, кейде ақымақпыз, тәуелсізбіз, бірақ қамқорлықты қалаймыз... Әлемде жан дүниесі бірдей екі ару табылмайтын шығар. Алайда бәріміздің де жанымыз бір сезімді қалайды. Ол - махаббат. Махаббатқа адалдығымыз бен беріктігіміз бізді ортақтастырады. Осы махаббат аясында ғашығымыздан ең тәтті, жанымызға майдай жағылатын сөздер естігіміз келеді. Назарларыңызда кез келген қыздың сүйіктісінен естігісі келетін сөздері.
«Мен саған негізі мектеп кезінен ғашықпын»
«Еш бояусыз да сондай әдемісің»
«Сенімен болу үшін не істей аламын? Мен бәріне дайынмын»
«Жинал, біз Мальдив аралдарына демалысқа барамыз»
«Білмеймін ғой, ал сен бұл жайлы не ойлайсың?»
«Қалай құлпырып кеткенсің!»
«Сен көлікті еркектерден де ұқыпты айдайсың»
«Сен анамның көңілінен шыққан алғашқы қызсың»
«Несіне таңдайсың? Екі көйлекті де алайық!»
«Сені сүйемін»
«Еш нәрсеге уайымдама, өзім бәрін шешемін»
«Біздің қарым-қатынасымыз жаңа сатыға көтерілуге дайын»
«Әрине, сенікі дұрыс»
«Бәрі құрсын, бірге болсақ, болды емес пе?!»
«Не қыласың оның неше теңге тұратынын, алып беремін дедім ғой»
«Бұл тек көлік қой. Әрине мен саған өкпелемеймін. Өзің аман болсаң, болды»
«Қойшы сол достарды...»
«Қойшы сол футболды...»
«Бәрін тастап, бір жерге демалып келейікші?»
«Не ғой... Маған тұрмысқа шықшы?»
Сезімге беріле бермейтін, әшейінде шешен, махаббатқа келгенде, тілдерін жұтып алатын жігіттерге бұл сөздерді айту әлбетте өте қиын. Сондықтан олардың осындай сөздерін ерлікке теңеп, оған рахметін айтуды ұмытпайық. Ал жігіттер, сіздер осындай сөздерді молынан айта берсеңіздер екен...
Ал сіздің сүйіктіңізден естіген ең тәтті сөздеріңіз қандай? Не естігіңіз келер еді?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: wpapers.ru
С. А